AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ел тұрғындарының банкрот деп тануға берген өтінішт...

Ел тұрғындарының банкрот деп тануға берген өтініштерінің 70 %-ы кері қайтарылды

Әлеумет 04.05.2023, 06:50 1,074
Ел тұрғындарының банкрот деп тануға берген өтініштерінің 70 %-ы кері қайтарылды
Сурет: Yassy-tur.kz

Соттан тыс банроттық рәсімі кезінде тіркелген адамдардың 70 пайызының өтініші не себепті кері қайтарылды?


Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазіргі кезде 49 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның 36 мыңы кері қайтарылды. 6 мың өтінішті қабылдап үлгердік, жарты жылдың ішінде олар банкрот деп танылуы мүмкін. Кейбір өтінімдер әлі де қаралып жатыр, өйткені өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады», - деді Е. Біржанов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.



Оның айтуынша, өтініштерді кері қайтарудың негізгі себебі соттан тыс банкроттық рәсіміне қатысты болып тұр. Атап айтқанда, өтініш берген адамдардың қарызы шекті сома 1600 АЕК-тен асып отыр. Тағы бір мәселе, кейбір өтініш берушілер жартылай банкротқа өткісі келеді, яғни ипотека бойынша кередитін төлеп жатқаны анықталды. Көп жағдайда өтініш берген адамдардың меншігінде мүлік, автокөлік, жер учаскелері бар екені белгілі болды. Осы деректер соттан тыс банроттықты рәсімдеу кезінде анықталды.


Вице-министр өтініштерді кері қайтару қалыпты жағдай екенін және бұл көрсеткіш 70 пайызды құрағанын айтты. Тиісті заңды әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе, соның ішінде батыс елдеріндегі талаптар зерттелген.



«Атап айтқанда, бастапқыда адамдардың банкроттық туралы өтініші қабылданбаса, үш айдан кейін азаматтар қайта өтініш беруге құқылы. Процесс жүріп жатыр. Екі айда 50 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Менің ойымша, бұл өте жақсы көрсеткіш және қаржылық жағдайды жақсартуға жақсы мүмкіндік беріліп отыр», - деді Ержан Біржанов.



Еске салайық, биыл 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өтініш #Банкроттық #кері қайтару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);