Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ел тұрғындары тұтынып жүрген балық мөлшері денсаул...

Ел тұрғындары тұтынып жүрген балық мөлшері денсаулық үшін жетер-жетпес екен

Әлеумет 20.11.2024, 11:42 1,260
Ел тұрғындары тұтынып жүрген балық мөлшері денсаулық үшін жетер-жетпес екен
Сурет: photoxpress.ru

Қазақстандықтар жылына орташа есеппен 4 келідей балық жейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабы бойынша бір адам тұтынатын балық мөлшері 16 келі болуға тиіс, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

24.kz арнасының ақпаратына сай, еліміздегі балық шаруашылығының әлеуетіне қарамастан, көрші Қырғызстан мен Өзбекстандағы балық тұтыну көрсеткіші бізден жоғары.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін 2021 жылы «Балық шаруашылығын дамыту» бағдарламасы қабылданған еді. Алайда қордаланған мәселесі көп саланы ілгерілету үшін әлі де бірқатар заңнамалық түйткілді шешу қажет. Қазір Мәжілісте «Акваөсіру» туралы арнайы заң жобасы қаралып жатыр.

 Қазақстан жылына 25 мың тонна балық экспорттайды. Ал елімізге сырттан әкелінетіні бұдан екі есе көп – 50 мың тонна. Осыған қарамастан, әр адамның жылдық тұтыну көрсеткіші әлемдік стандарттан 4 есе аз. 

Сергей Пономарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ірі инвесторларға Каспий теңізіндегі ауқымды учаскелерді ешбір байқаусыз беруді ұсынып отырмыз. Мұндағы талап – инвестиция көлемі 500 млн теңгеден асу керек. Ал дайын шаруашылықты кеңейтуге, жөндеуге бұдан кем мөлшерде қаржы құюға болады. Сонымен қатар су қоймаларын жалға беру мерзімін ұзартуды ұсынып отырмыз. Бұған дейін 5 жылдан 25 жылға дейін берілсе, енді 10-нан 49 жылға дейін ұзартуды ұсынамыз. 

 «Ал көлдерді жалға алуын алып, 5 жыл бойы балық шаруашылығын өрбітпеген субъектілерді акваөсіру жобасына жолатпаймыз», - дейді депутат. Айта кетерлігі, «Балық шаруашылығын дамыту» бағдарламасы іске қосылғалы үш жылда мұндай шаруашылық саны 180-нен 500-ге дейін көбейді. Демек, бизнес тарапынан қызығушылық бар. Дегенмен, заңнамалық тұрғыдан реттелуге тиіс мәселе де жетіп артылады. Мысалы, пайыздық мөлшерлемесі төмен несие жоқтың қасы. Жаңа жобада балық шабақтары мен жеміне арнайы жеңілдік пен су бағасын арзандатуға бағытталған субсидия қарастырылып отыр. «Шаруаны дөңгелетуге кедергі келтірер тағы бір мәселе бар – ол Су кодексіне енгізілгелі жатқан өзгерістер», - дейді балық шаруашылығының басшысы Марлен Тұрсынәлі.

 Марлен Тұрсынәлі, Балық шаруашылығының басшысы:

Қазіргі ұсынып отырған Кодексте бірқатар балық шаруашылығын дамытуға кедергі келтіретін жағдайлар кодексте көрсетілді. Біз оны ашық айтып жатырмыз. Егер Су кодексі біздің балық шаруашылығы айтқан дүниені ескерілмей қабылданып кеткен жағдайда болса, онда қазіргі мына балық шаруашылығы дамымайды деген ойдамыз.

Құзырлы ведомство бұл мәселеден хабардар. Мәжілістегі жұмыс тобы шаруашылықтардың мүддесі міндетті түрде ескерілетінін айтады. Әсіресе, құрғақшылық кезінде олардың жұмысын жүйелі жолға қою қажет-ақ. 

Алмас Асылбеков, ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:

Балық өсіру субъектілері үшін су қорғау белдеулерін пайдалану мәселесі туындап отыр. Бұл жерде балық өсіру тоғандарын, бассейндерін салу, одан кейін балық өсіру объектілерін құру бойынша мәселелер... Сол мәселелерді жетілдіру бойынша Су кодексіне бірқатар өзгерістер ұсынылып отыр.

Балық шаруашылығын кешенді дамытуда ғылымның маңызы зор. «Акваөсіру» туралы жаңа заң жобасы ғылыми негіз құруды міндеттейді. Сондай-ақ арнайы ақпараттық жүйе түзу көзделген. Жобаның Мәжілістегі бірінші оқылымы қарашаның 20-сына, бүгінгі күнге белгіленген.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балық шаруашылығы #Акваөсіру #Заң жобасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.