ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Ел халқының 30 пайызы тұрақты медициналық тексеруд...

Ел халқының 30 пайызы тұрақты медициналық тексеруден өтпейді

Медицина 19.09.2023, 11:10 1,300
Ел халқының 30 пайызы тұрақты медициналық тексеруден өтпейді
Сурет: Bugulmacrb.ru
Бұл туралы Астанада денсаулық сақтау саласындағы STADA Healt Report зерттеуін таныстыру барысында белгілі болды.

Бұл туралы Астанада денсаулық сақтау саласындағы STADA Healt Report зерттеуін таныстыру барысында белгілі болды. 



Бұл зерттеу Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылған. Оның аясында 16 мемлекет қамтылып, әр елде шамамен 2 мың адам арасында сауалнама жүргізілді. Жалпы, 16 елде 18-99 жас аралығындағы 32 013 адам саулнамаға қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап


«Еуразия» өңіріндегі STADA вице-президенті Арминас Мацевичустің айтуынша, Қазақстанда респонденттердің 38 пайызы денсаулық сақтау жүйесінің деңгейіне қанағаттанарлық баға берген. Алайда қазақстандықтардың 30 пайыздан астамы тұрақты тексеруден өтпейтіні анықталған. Бұл ретте тұрғындар қай медициналық тексеруден өту керек екенін білмейтінін айтқан.


Биылғы зерттеу деректеріне қарағанда, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 37 пайызы түрлі дәрумендерді сатып алуға ерекше мән беріп отырғаны жарияланды. Сонымен қатар адамдардың 26 пайызы денсаулыққа пайдалы азық-түлік өнімдерін сатып алатындарын атап өткен. Респонденттердің 19 пайызы профилактикалық медициналық тексеруден жиі өтетінін айтып отыр.


Скринингтердің арасында ең танымал процедура гинекологиялық тексеруге қатысты болған, яғни Қазақстанда әйелдердің 80 пайызы мен еуропалықтардың 70 пайызы осы диагностикадан тұрақты түрде өтеді екен. Мұнымен қоса, Қазақстанда медициналық тексерулер арасында екінші орында жалпы қан анализі тұр, адамдардың 71% осы сараптамадан өткен. Әрбір алтыншы қазақстандық (64%) тұрақты түрде жалпы тексеруден өтетінін жеткізген.


Ал ұйқы сапасын жақсарту тұрғысында қазақстандықтар сауалнамаға қатысқан басқа елдер арасында алдыңғы орынға шыққан. Бұл ретте саулнама кезінде адамдардың 87 пайызы өздерін ұйқысыздық мазаламайтынын мәлімдеген.



«Қазақстан медицина саласындағы инновацияларды енгізу бағытында да жақсы көрсеткіштерді байқатты. Мәселен, Қазақстанда дәрігердің қабылдауына онлайн режимде жазылу көрсеткіштері орташадан жоғары деңгейде, яғни 52 пайызға жеткен. Ал Еуропада осы көрсеткіш 45 пайыз шамасында болды», - деді Арминас Мацевичус.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.