AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ел ғалымдары цементбетон жабындарын сақтап қалуға...

Ел ғалымдары цементбетон жабындарын сақтап қалуға арналған материалдардың тиімділігін сынап көрмек

Әлеумет 23.08.2024, 17:20 2,053 dulatbekova
Ел ғалымдары цементбетон жабындарын сақтап қалуға арналған материалдардың тиімділігін сынап көрмек
Сурет: Gov.kz

"ҚазжолҒЗИ" ғалымдары нарықта ұсынылған цементбетон жабындарын сақтап қалуға арналған материалдардың тиімділігін анықтамақ.

Осы мақсатта эксперименттік учаскелерде, нарықта ұсынылған материалдар арасында конкурстық сынақтар өткізілмек, деп хабарлайды aqshamnews.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

 Сынақтар еліміздің оңтүстік және солтүстік өңірлерінде жүргізіледі, бұл әртүрлі климаттық жағдайларда материалдардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Конкурстық сынақтар барысында әртүрлі материалдардың функционалдық қасиеттері туралы деректер жиналып, құрамындағы кемшіліктерді жоюға және құрамын жақсартуға мүмкіндік береді.

Конкурстың нәтижелері келесі жылдың көктемінде айқындалатын болады, содан кейін ведомстволық ұйымдардың қатысуымен цементбетон жабындарын күтіп-ұстау кезінде нарықта бар материалдардың сапасы мен оларды қолданудың орындылығы талқыланады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жолшы ғалымдар отандық жол бояуын өндірушілер арасында сынақ өткізген болатын. Өнімдері конкурстық сынақтардан өтпейтін рейтингі төмен өндірушілерді мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысуға жібермеу көзделуде.

 Сондай-ақ, "ҚазжолҒЗИ" автомобиль жолдарының сапасын жақсарту мақсатында құрылыс пен күтіп-ұстаудың барлық кезеңдерінде қолданылатын материалдарға тексеру жүргізіп, рейтингтік әдісті қолдануды көздеуде.  Ал цементбетон жабындарын сақтап қалуға арналған материалдардың функционалдық қасиеттерін анықтау жол инфрақұрылымын жақсарту және оның қызмет ету мерзімін ұзарту бойынша инновациялық шешімдерді іздеп-табуға үшін зерттеулер жүргізуге мүмкіндік бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚазжолҒЗИ #Ғалымдар #цеменетбетон #жабын #сынау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);