AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Ел ертеңі» қорының 170 мүшесі бақылаушы ретінде о...

«Ел ертеңі» қорының 170 мүшесі бақылаушы ретінде оқудан өтті

Әлеумет 03.11.2022, 09:48 1,776
«Ел ертеңі» қорының 170 мүшесі бақылаушы ретінде оқудан өтті
almaty-akshamy.kz

Алматыда күн сайын бақылаушы болуға кандидаттар үшін оқыту тренинг-семинарлары өткізіледі. Бүгін мегаполисте сайлауды тәуелсіз бақылау тақырыбы бойынша «Ел ертеңі» қоғамдық қорынан 170 адам оқудан өтті, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Тренингтер барысында сайлау заңнамасының негіздері, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл тәсілдері мен әдістері, сондай-ақ сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік жүктелетіні пысықталды.



«Біз бүгін тренингтен өттік, оның барысында әрбір бақылаушы ұстануы тиіс негізгі міндеттер мен алгоритмдер туралы терең біліп, хабардар болдық. Яғни, тренинг барысында біз сайлау заңнамасының негіздерін, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл әдістерін зерттедік, сондай-ақ сайлау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік жүктелетіні туралы білдік. Сонымен қатар, бізді SMM ережелерімен, сайлау учаскесінде өзімізді қалай ұстау керектігі жөніндегі белгілі ережелер және нормалармен таныстырды», - деп болашақ бақылаушы Әмина Әбілқайырқызы өз ойымен бөлісті.




Оқудан өткен тағы бір қатысушы курстардың маңыздылығы мен алған білімдерінің болашақта пайдалылығын атап өтіп, эмоцияларымен бөлісті.



«Бүгін біз тренингтен өтіп, қызметкерлердің, бақылаушылар мен сайлаушылардың рөлдерінде өзімізді сынап көрдік. Бұл процесс барысында біз көп нәрсені білдік: сайлау процесіндегі негізгі заңнамалар, азаматтармен өзара іс - қимыл, сайлауға қатысатын әрбір адамның мінез-құлық ережелері және т.б. Менің ойымша, бүгін алған біліміміз бізге сайлаудағы жұмысымызда ғана емес, болашақта да көмектеседі. Бұл алған білімнің барлығы алдағы өмірде үлкен тәжірибе болады», - деп атап өтті «Ел ертеңі» мүшесі Аида Алпыс.



Қатысушылар жеке және күрделі мәселелерді талдап, сайлау учаскелерінде мониторинг жүргізу тәртібін пысықтады. Одан бөлек, сарапшылар жиі кездесетін бұзушылықтар туралы әңгімелеп, бақылаушылардың құқықтары мен міндеттерін талқылады, сонымен қатар, бұзушылықтар анықталған кездегі бақылаушының әрекеттерін қарастырды..


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #елертеңі #кандидат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);