AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ел экономикасына барлық сала бойынша қосымша 1,6 м...

Ел экономикасына барлық сала бойынша қосымша 1,6 миллион маман қажет болады

Әлеумет 28.02.2025, 17:13 995
Ел экономикасына барлық сала бойынша қосымша 1,6 миллион маман қажет болады
Сурет: mail.kz

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев парламенттік тыңдау барысында еңбек нарығындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, 2030 жылға дейін ел экономикасына барлық сала бойынша қосымша 1,6 миллион маман қажет болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Қазақстанда білікті мамандар тапшылығы айқын байқалады. Әсіресе, инженерлер, техникалық мамандар, агрономдар және ветеринарлар жоғары сұранысқа ие.

Бұл үрдіс алдағы жылдары одан әрі күшейе түседі. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамына сәйкес, 2030 жылға дейін ел экономикасына барлық сала бойынша қосымша 1,6 миллион маман қажет болады. Оның ішінде шамамен 900 мың маман техникалық және кәсіптік білім беру саласынан, ал 430 мың маман жоғары білімді мамандар қатарынан қажет. Сонымен қатар, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және көлік салаларында кадр тапшылығы айтарлықтай жоғары.

Әшімбаевтың айтуынша, елдегі әр бесінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл кадрларды даярлау жүйесінің қазіргі экономиканың нақты секторындағы сұраныстарға толық сәйкес келмейтінін көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда туыстық байланыстардың салдарынан жас мамандардың ғарыш саласынан кетіп жатқаны туралы мәлімет тараған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ел экономикасы #маман #қажеттілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);