AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ел болашағы ұстаздардың қолында

Ел болашағы ұстаздардың қолында

Әлеумет 01.10.2024, 17:30 1,508
Ел болашағы ұстаздардың қолында
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі

Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттің ректоры Гүлмира Қанай  ардагер ұстаздармен кездесті. 

Алматыда Университеттің 80 жылдық мерейтойына орай жоғары оқу орынының зиялы түлектері – ұстаздармен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің дамуына зор үлес қосқан ұстаздар мен ғалымдардың өмір жолы мен ғылыми-педагогикалық қызметтерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар ұлттық ғылым мен білімнің өткені мен бүгінін, болашағын талқылау, жас ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамыту мәселелері кездесуге арқау болды. 

«Ел болашағы – ұстаздардың қолында. Ұлағатты ұстаздардың арқасында еліміздің педагогикалық және өзге де салалары жоғары білікті мамандармен толықтырылып жатыр. Тәрбиелі жастарымыз адал қызмет етіп, кәсіби біліктіліктерін арттыруда. Бұл ең алдымен, сіз мен біздің тоқтаусыз ізденісіміздің, кәсібімізге деген махаббатымыз бен адал қызметіміздің,  елімізге, жас ұрпаққа деген сүйіспеншілігіміздің белгісі деп білемін», – деді университет ректоры Гүлмира Қанай.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ұстаздардың біліктілігін арттыру мәселесі талқыланды. Университеттің жеткен жетістіктері мен алға қойған жоспарлары да айтылды. Сонымен қатар білім ордамыздың аға оқытушылары мен білім және ғылым саласында қызмет етіп жүрген университет түлектері өз баяндамаларын ұсынды. 

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ершина Айнагүл Қапасовна университет басшылығына алғысын айтты.

«Мен осы университеттің 1971 жылғы түлегімін. Бүгінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессормын. Білім саласында қызмет еткеніме 37 жыл болды. Әр жеткен жетістігім қадірлі ұстаздарымның қажырлы еңбегі деп білемін. Сол кісілердің жолымен біз де шәкірт тәрбиелеп келеміз. Біздің басты мақсатымыз – шәкірттерге сапалы білім беру. Еңбегімізді ескеріп, елеп жатқан Университет басшылығына айтар алғысым шексіз», – деді ұстаз.

      Кездесу соңында зиялы ұстаздарды марапаттау рәсімі өтті

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз #білім #ұлағат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);