AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Эксимбанк: Алматының тұрақты дамуын қолдауға дайын

Эксимбанк: Алматының тұрақты дамуын қолдауға дайын

Әлеумет 26.11.2024, 16:50 1,146
Эксимбанк: Алматының тұрақты дамуын қолдауға дайын
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Қытай Эксимбанкінің вице-президентімен инвестицияларды талқылады

 

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайдың экспорттық-импорттық банкінің (Эксимбанк) вице-президенті Ян Дуннин бастаған делегациямен кездесу өткізді. Кездесуде инфрақұрылымдық және жасыл жобаларды дамыту, қаржы нарығын кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету және туристік ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Негізгі талқыланған жобалар арасында көлік инфрақұрылымын жақсарту (жаңа метро желілерін салу), экономиканы әртараптандыру үшін жаңа индустриялық жобаларды жүзеге асыру, қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу секілді жасыл жобаларды іске асыру және туризмді дамыту бар.

2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы, ал 2025 жыл Қазақстандағы Қытай туризмі жылы ретінде жарияланғаны атап өтілді. Биылғы жылдың бірінші жартысында Алматыға Қытайдан 40 мыңнан астам турист келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68%-ға көп.

Сонымен қатар, Алматының шетелдік инвестицияларды тарту саласындағы рөлі талқыланды. Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында қала 3,8 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тартты. Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2024 жылдың 9 айында 5,6 млрд АҚШ долларын құрады, бұл Қытай мен Қазақстан арасындағы жалпы тауар айналымының 28,9%-ын құрайды.

Ян Дуннин ханым жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Эксимбанктің Алматыны тұрақты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.

Тараптар индустрияландыруды, көлік инфрақұрылымын, қаржы нарығын және Алматының туристік әлеуетін дамыту шеңберінде жемісті ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Эксимбанк #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);