ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Экс-министрдің адвокаты қамауға алынды

Экс-министрдің адвокаты қамауға алынды

Заң мен тəртіп 03.07.2023, 07:29 981
Экс-министрдің адвокаты қамауға алынды
Сурет: Inbusiness.kz
Экс-мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты пара беруге итермелеу күдігіне ілінді.

Экс-мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты пара беруге итермелеу күдігіне ілінді.


Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша пара беруге оқталған Мәдениет және спорт экс-министрі А.Мұхамедиұлының жұбайы әшкереленді.Cондай-ақ аталғандардың мүдделерін қорғауды жүзеге асырған адвокат алаяқтық пен пара беруге итермелеу күдігімен ұсталды.А. Мұхамедиұлының қылмыстық жазасын жеңілдету және қамаудан босату желеуімен қорғалушының жұбайынан сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған.Тергеу амалдары барысында 255 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражат анықталып, тәркіленді.Қалған соманы ол өз қалауы бойынша жұмсағаны анықталды», - делінген баспасөз хабарламасында.



Мәлім етілгендей, А.Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынса, әйелі пара беруде күдікті ретінде танылып отыр.



«Экс-министрдің өкілі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мұхамедиұлының жұбайы аса ірі көлемде пара беруге оқталуы бойынша күдікті болып танылды.ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты қандай да бір мәселені шешу сылтауымен алаяқтықтың, оның ішінде пара беруге итермелеуге алып келетін алаяқтықтың жалғасып жатқан жағдайларына баса назар аударады. Осындай жағдайларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласуды немесе осындай фактілер туралы 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарлауды сұраймыз», - делінген агенттік дерегінде.



Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен А. Мұхамедиұлы 8 жылға сотталған болатыг Оның сыбайластары да сот жазасына кесілді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.