AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Экс-министр Ажар Ғиният екі аяғынан айырылған аста...

Экс-министр Ажар Ғиният екі аяғынан айырылған астаналық қызға көмектесетінін айтты

Барлығы 13.06.2025, 12:39 895
Экс-министр Ажар Ғиният екі аяғынан айырылған астаналық қызға көмектесетінін айтты
сурет: ҚР Премьер-министрінің сайтынан
Экс-министр Ажар Ғиният ауыр жарақат алған Алуаның қазіргі жағдайын айтты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 
 
"Кеше әріптестеріммен бірге ауыр жарақат алған Алуа есімді қыздың отбасына бардық. Жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз жастағы бүлдіршін екі аяғынан айырылды", - деп жазды Ғиният. 
Оның айтуынша, бұл жағдай болғаннан бастап орталық Алуаға қажетті көмекті көрсету жолдарын қарастырып келеді. Бастапқыда протез орнатылғаннан кейін кешенді оңалту курсын ұсынуды жоспарланған. Алайда қыздың анасы Махаббаттың уайымы мен Алуаның мазасыз күйі көмекті дәл қазір бастау қажет екенін көрсеткен.
"Қазір Алуа қалалық ауруханада ем алып жатыр. Кеше анасы Махаббатпен кездесуде ауруханадан шыққан соң қызымыз біздің орталықта кешенді оңалту курсынан өтетін болып келісілді. Бұл кезеңде мамандарымыз оның физикалық жағдайын қалпына келтірумен қатар, психологиялық және әлеуметтік бейімделуіне де жан-жақты қолдау көрсететін болады. Алуағы көмек көрсету- біздің кәсіби борышымыздан бұрын, адами жауапкершілігіміз", - деді ол.
Еске салайық, 3 маусымда Астанада жолаушылар мінген автобус жол апатына түсіп, бірнеше адам зардап шеккен еді. Соның бірі – Алуа Бекен екі аяғынан айырылды. Алуаның отбасына 30 млн теңге ақшалай көмек көрсетілді. Кейіннен қала әкімі Жеңіс Қасымбек қыздың отбасына баспана берілетінін айтты.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#аа #алдын ала сот тыңдауы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);