ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / АЭС: Референдум / Экономикамыздың тұрақты дамуы үшін генерация көлем...

Экономикамыздың тұрақты дамуы үшін генерация көлемін екі есеге арттыру қажет

АЭС: Референдум 20.09.2024, 10:24 857
Экономикамыздың тұрақты дамуы үшін генерация көлемін екі есеге арттыру қажет
aes2024.kz
«Amanat» партиясының Тараз қаласындағы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов бастаған АЭС қолдау штабының мүшелері бірқатар кездесулер өткізді.

«Amanat» партиясының Тараз қаласындағы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов бастаған АЭС қолдау штабының мүшелері бірқатар кездесулер өткізді. 

Штаб құрамында Ерсін Сариев, Серік Жетібаев, Дәурен Ахметжаев, Андрей Савченко, Анар Досымабаева және Жанат Бастаубаева болды. Олар алдымен облыстық наркологиялық диспансерде кездесу өткізіп, референдумның маңызы мен атом энергетикасының ел үшін қажеттілігін талқылады.

«Ғылыми-техникалық және инженерлік салаларды дамыту аса маңызды. АЭС еліміздің ғылыми әлеуетін көтеріп, мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Атом электр стансасы – бұл тек энергия көзі емес, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін арттыратын жоба», – деді Дауыл Бейсенқұлов.

Тараз қаласының тұрғындарымен кездесуде штаб мүшелері АЭС салудың ел экономикасы мен экологиялық қауіпсіздікке тигізер пайдасын атап өтті. Олардың айтуынша, АЭС энергияға тәуелділікті төмендетіп, экономикаға серпін бермек.

«Экономикамыздың тұрақты дамуы үшін генерация көлемін екі есеге арттыру қажет. Ол үшін газ қондырғыларын орнату, ЖЭО-ларды жаңғырту және АЭС салу қажет», – деді Дәурен Ахметжаев.

Күннің екінші жартысында штаб мүшелері «Казфосфат» компаниясы және Тараз қалалық емханасының қызметкерлерімен кездесті.

Жиында АЭС-тің экологиялық тұрғыдан қауіпсіз екені түсіндірілді. Штаб мүшелері жобаның қоршаған ортаға зияны жоқ екенін атап өтіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуында маңызды шешім қабылдауға атсалысу қажеттігі айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.