AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Экологтар күніне орай Астанада ағаш отырғызу эколо...

Экологтар күніне орай Астанада ағаш отырғызу экологиялық акциясы өтті

Мұны білген жөн 06.06.2026, 16:25 77 Сұлу
Экологтар күніне орай Астанада ағаш отырғызу экологиялық акциясы өтті
gov.kz

6 маусым күні Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы UNICEF өкілдігімен бірлесіп аумақты санитарлық тазарту және ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен волонтерлер қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару және табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарын қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушылар аумақты санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, 100-ден астам ағаш көшетін отырғызды. Олардың қатарында қарағай, шырша, алмұрт және шетен ағаштары бар. Отырғызылған көшеттер елорданы көгалдандыруға және қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесін қосады.

Осындай экологиялық акцияларды өткізу қоршаған ортаны сақтау және орнықты даму мәселелерінде мемлекет, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам күш-жігерін біріктіруге ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі акцияға қатысқан барлық азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымы мен табиғатты сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);