AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Экологиялық іс-шара Түрксіб ауданында жалғасын тап...

Экологиялық іс-шара Түрксіб ауданында жалғасын тапты

Әлеумет 06.03.2025, 13:38 670 Ернұр РЫСБАЙ
Экологиялық іс-шара Түрксіб ауданында жалғасын тапты
Фото: Қ.Қонысбаев

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Алматы қаласының Түрксіб ауданында кәсіпкерлердің қолдауымен жалғасын тапты. «Алюр Авто» компаниясы ауқымды іс-шараға белсенді қолдау көрсетіп, өз аумағында тазалық шараларын ұйымдастырды. Сондай-ақ, барлық кәсіпкерлерді игі іс-шараға атсалысуға шақырды. 

Компанияның әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Бауыржан Алпысбаевтың айтуынша, бұл шара бір реттік емес, тұрақты түрде жалғасын табады.

– Бүгінгі акция барысында біз өзімізге тиесілі аумақты қоқыстан тазартып, аялдама кешенін және ғимараттардың қасбетін жудық. Сондай-ақ, жасыл желекті күтіп-баптау және абаттандыру жұмыстары да жүргізілуде. Біз бұл экологиялық бастаманы қолдап, қаламыздың тазалығына тұрақты түрде үлес қосуға дайынбыз. Барлық кәсіпкерлерді осы шараға қатысып, қаламыздың тазалығын сақтауға шақырамыз, – дейді Бауыржан Алпысбаев.

Бұл бастама Алматы қаласы әкімдігінің абаттандыру паспортына сәйкес жүзеге асырылуда. Яғни әрбір шағын және орта бизнес өкілі өз аумағын таза ұстауға, жылына кемінде екі рет – көктемде және күзде сенбілік ұйымдастыруға міндетті.

Түрксіб ауданы әкімінің аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Ердос Әубәкіровтің айтуынша, мұндай іс-шаралар ауданның санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы орта қалыптастыруға да ықпал етеді.

–                        Кәсіпкерлердің осындай экологиялық бастамаларға белсене атсалысуы – қала экологиясын жақсартудың маңызды қадамы. Ауданымыздағы әрбір кәсіпкер өзіне тиесілі аумақтың тазалығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бұл – тек санитарлық талап қана емес, сондай-ақ қала мәдениетінің көрсеткіші, – дейді Ердос Әубәкіров.

Бүгінде акция аясында қоқыс шығару, аумақты көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Ұйымдастырушылар бұл іс-шараның тұрақты түрде өткізіліп тұратынын атап өтті.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #таза қала #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);