Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Екіжақты меморандумға қол қойды

Екіжақты меморандумға қол қойды

Әлеумет 30.05.2024, 17:33 795
Екіжақты меморандумға қол қойды
Almaty-akshamy.kz. 

2024 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының бастығы генерал-майор Поливанов Павел Константинович пен еліміздегі жетекші оқу орындарының бірі Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының ректоры Имандосова Маргарита Болатқызы екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумда келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Тараптар құжатқа қол қоймас бұрын бір-бірін стратегиялық әріптестер ретінде қабылдап пікір алмасты. Өздері басшылық ететін оқу ордасының мүмкіндіктері мен жетістіктерін сөз етті. Енді алдағы уақытта екіжақты келісімнің арқасында студенттер мен курсанттар бір-бірімен емен жарқын араласып, барыс келіс пен алыс беріс нығая түседі.

Шекарашыларды қарсы алған аталмыш оқу орнының проректоры Бахтияр Сабденалиев оқу ордасының қысқаша тарихына тоқталып, тыныс-тіршілігін егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Содан кейін оқу корпусының астында орналасқан бірқатар зертханаларды аралатып, ондағы құрылыс барысында пайдаланатын заманауи технологиялармен таныстырды. Әсіресе, «Сейсмикалық флатформа. Сейсмикалық әсерлерді зерттеу» зертханасындағы студенттер мен магистранттардың ойлап тапқан жасанды жер сілкінісіне салынып жатқан ғимараттың қаншалықты төтеп беретінін көруге болатын құрылғы әскери қызметшілерді қатты қызықтырды. Сонымен қатар, қалыпқа құйылған бетонның төзімділігін, есік-терезелердің сапасын қабырға темірлерінің беріктігін бақылайтын зертханалар да сәулет-құрылыс академиясының көркін қыздырып тұр.

Айта кету керек, Алматы Қазақ сәулет-құрылыс академиясының өзіндік тарихы бар, елімізге сәулет, құрылыс мамандарын даярлау саласындағы еңселі оқу орны. Бұл жерден елімізге танымал көптеген сәулетші мамандар шыққан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Меморандум #Оқу орны #сейсмика #шекарашы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.