AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Екібастұздық балалар - "Медеу" мұзайдынында

Екібастұздық балалар - "Медеу" мұзайдынында

Әлеумет 06.01.2023, 08:02 1,248 Досбол Атажан
Екібастұздық балалар  - "Медеу" мұзайдынында
Cуреттерді түсірген:Қ.Қонысбаев

Amanat партиясы төрағасының бастамасымен бүкіл республика бойынша Екібастұз қаласының 1 мыңнан астам баласына демалыс ұйымдастырылды. Оның ішінде 30 бала партияның қалалық филиалының шақыруымен Алматыға келді.


Алматының жас қонақтары Іле Алатауы тауларының етегінде орналасқан әрі Алматы қаласының іскерлік орталығына жақын «Қазақстан» шипажайында орналастырылды.


Бүгін екібастұздық балалар үшін «Медеу» мұзайдынында демалыс ұйымдастырылды.




«Менің есімім Томирис, Екібастұз қаласынан келдім. Бұл менің Алматыға алғашқы саяхатым. Көңіл-күйіміз өте жақсы. Циркте тамаша қойылым көріп, Медеуде сырғанап көрдік. Демалыс барысында жаңа достар таптым. Екібастұздағы жағдай енді елімізде қайталанбасын деп тілеймін», – деді 8 сынып оқушысы Томирис Байкенова.



Оқушыларды демалыс барысында бақылап жүрген екібастұздық оқытушылар да өздерінің әсерімен бөлісті.



«Біз Екібастұздан 2 қаңтар күні жолға шықтық. Жолшыбай Астана қаласына соғып, ЭКСПО-ға экскурсия жасадық. Алматыға барлығы 29 бала, 4 оқытушы және 1 медбике келдік. Жалпы, балаларды жақсы қарсы алды, барлық керек-жарақпен қамтамасыз етіп жатыр. Негізінен демалысқа аз қамтылған не толық емес отбасылардың, көп балалы жанұялардың балалары және оқумен не мектептен тыс кездегі жетістіктерімен көзге түскен 5-11 сынып оқушылары жіберілді», – деді екібастұздық оқытушы Жанерке Қабжанова.


Amanat партиясы төрағасының бастамасымен Екібастұз қаласының балалары Қазақстан өңірлеріне демалысқа шақырылды. Оның ішінде 30 балаға партияның Алматы қалалық филиалы демалыс ұйымдастырып жатыр. Балалар «Қазақстан» шипажайында жайлы бөлмелерге орналастырылды. Балалар үшін ауқымды ойын-сауық бағдарламасы дайындалды. Спорттық-сауықтыру кешенінде бірегей минералды сулардан тұратын бассейн, спорт залы, екі емдік дене шынықтыру залы, волейбол, баскетбол және футболға арналған ойын залдары бар», – деді Amanat партиясы Медеу аудандық филиалының атқарушы хатшысы Азат Ажиманов.



Айта кеткен жөн, балалар 9 қаңтарда үйлеріне қайтады деп жоспарланған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#екібастұз #балалар #демалыс #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);