AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Екібастұздағы апат: 50-ге жуық пәтер бүлінген

Екібастұздағы апат: 50-ге жуық пәтер бүлінген

Әлеумет 11.12.2022, 05:00 1,165
Екібастұздағы апат: 50-ге жуық пәтер бүлінген
Сурет: inbusiness.kz

Екібастұзда апат салдарынан зақымдалған 50 шақты пәтер анықталды. Бұл үйлерді дүйсенбіден бастап ретке келтіру үшін бригадалар жұмысқа кіріседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


«Әкімдік қызметкерлерімен бірге пәтерлерді аралап шықтық. Апат салдарынан барлығы зақымдалған елу шақты пәтер анықталды. Бұл үйлерге дүйсенбіден бастап бригадалар кіріп, адам тұратындай жағдайға келтіреді. Қалған өтініштер топтастырылғаннан кейін жұмыс басталады. Егер де комиссия тұрмыстық техника апат салдарынан істен шыққанын растаса, шығынның өтелетіндігіне үміт артуға болады», — деді «ОАЭК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Леонид Янушко баспасөз конференциясында.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша, барлық зардап шеккен пәтерлер бойынша жеке тізім жасалуда. Ол үшін жеті мекенжай бойынша өтініштерді қабылдайтын арнайы пункттер ашылған. Бұдан бөлек, әкімшілікте зардап шеккен азаматтардың шағымдарын қабылдайтын пункт бар.


«Бұл мәселеге қатысты «ОАЭК» АҚ басшылығымен келіссөздер жүргізілген. Сондықтан да жалған ақпарат болмауы тиіс. Міндетті түрде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ақауларды анықтайтын 70 адамнан тұратын жеті бригада құрылған. Тұрғындардың өздері жөндеуді бастаған жағдайлар да бар. Ол үшін чектерді ұсыну қажет. Мұндай жағдайда комисия тексергеннен кейін шығын өтеледі», — деді Аян Бейсекин.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#екібастұз #пәтер #зардап шеккен пәтерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);