AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Екі шағын ауданда су желілері құрылысы басталды

Екі шағын ауданда су желілері құрылысы басталды

Әлеумет 08.06.2023, 03:40 1,041 Almaty-akshamy.kz. 
Екі шағын ауданда су желілері құрылысы басталды
Сурет: ашық дереккөз

Биыл мамыр айында «Маяк» және «Әлмерек» шағын аудандарында 54,1 шақырым сумен қамту  және су бұру желілерінің құрылысы басталды.


Инженерлік желілерді төсеу жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталып, 1500-ден астам абонент ауыз сумен қамтылатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Жұмыстар аяқталғаннан кейін, 2024 жылы асфальт төсеу жұмыстарына кіріспек. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды. 


3 учаске бойынша – «Қайрат» шағын ауданында сараптама осы жылдың шілде айының соңында аяқталмақ. Ал Рысқұлов - Жансүгіров – Шолохов – Сейфуллин көшелерінің аумағы бойынша сараптамалық жұмыстар 2024 жылдың наурыз айында аяқталады. Тоқай – Норильский – Поддубный – Диксон көшелерінің бөлігінде сараптама 2023 жылдың желтоқсан айының соңында аяқталады.  


2021 жылы «Нұршашқан» шағын ауданында жалпы ұзындығы 47,4 шақырым сумен қамту және канализация  желілерінің құрылысы аяқталды. Бұл жұмысты мердігер «Компания НурайСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Алайда, объект пайдалануға берілген сәттен бастап бұл желілерде
30-ға жуық авария орын алды. Соның салдарынан ауыз су беру ұзақ уақытқа тоқтатылуда. Сондықтан тұрғын үй массивінің тұрғындары тарапынан шағымдар түсуде. Осыған байланысты, Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының талап-арызы  бойынша мердігерге қатысты істі сотта қарау басталды. 


Бүгінгі таңда Түрксіб ауданының әкімдігі төтенше жағдай аясында желілердің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру мәселесін пысықтауда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #желі #әкім #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);