Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / eGov.kz порталында тағы бір қызмет пайда болды

eGov.kz порталында тағы бір қызмет пайда болды

Әлеумет 25.09.2024, 20:15 1,092
eGov.kz порталында тағы бір қызмет пайда болды
Сурет: Freepik.com

Енді сот әрекетке қабілетсіз деп таныған 18 жастан асқан адамдардың қамқоршылары eGov.kz порталында онлайн өтініш бере алады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығына сілтеме жасап.

"Мемлекеттік қызметтер саласында "кедергісіз орта" құру азаматтардың әртүрлі санаттары үшін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Бұрын сот әрекетке қабілетсіз деп таныған 18 жастан асқан адамдардың қамқоршылары қағаз түрінде құжаттар жинап, арнайы өтінімдерді рәсімдеу үшін кезекте тұратын. Жаңартылған қызмет уақытты едәуір үнемдеп, қажет құжаттарды онлайн режимде беруге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Енді қамқоршыларға мемлекет көрсететін қызметтердің келесі түрлерін алуға онлайн өтінімдерді рәсімдеуге болады:

  • Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету;
  • Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін пайдалану;
  • Мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету;
  • Мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
  • Мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
  • Есту қабілеті нашар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін пайдалану (жылына 60 сағат);
  • Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алу;
  • Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алу.

Көрсетілетін қызметтерді алу үшін не істеу керек?

  • eGov.kz порталында авторизациядан өту және "Әлеуметтік қамсыздандыру" бөліміне өту қажет;
  • Бұдан әрі "Мүгедектігі бар адамдарды қолдау" бөлімінде ұсынылған тізбеден көрсетілетін қызметті таңдау керек;
  • ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қою керек.
 
 

Көрсеткен уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламмен жеке кабинетте танысуға болады ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#eGov.kz порталында #қызмет #онлайн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.