Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / eGov.kz порталында құжатыңызға өзгеріс енгізе алас...

eGov.kz порталында құжатыңызға өзгеріс енгізе аласыз

Әлеумет 16.08.2023, 08:22 1,223
eGov.kz порталында құжатыңызға өзгеріс енгізе аласыз
Сурет: Gov.kz

Дайын құжатты өтінімде көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталығынан алу қажет.


Енді қазақстандықтар eGov.kz – электронды үкімет порталында туу туралы куәлікке, аты-жөнін өзгертуге, неке қию және ажырасу, бала асырап алу және қайтыс болу туралы актілік жазбаларға өздері өзгеріс енгізе алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасап.


Жаңа қызмет жеткілікті негіз болған жағдайда және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған кезде құжаттарға жоспарлы өзгерістер енгізуді (қате енгізілмеген өзгерістер) көздейді. Мысалы, атын, тегін, және әкесінің атын өзгерту


"Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" жаңа қызметінің көмегімен актілік жазбаларға өзгерістер енгізу және құжаттарды қайта шығару үшін негіздемелерді көрсетіп, растайтын құжаттарды қосып, өтінім беруге болады.


"Біраз қазақстандық eGov.kz порталында актілік жазбаларға өз бетінше өзгеріс енгізуге болатынын біле бермейді. Мұнда сіз туу туралы, неке қию туралы және некені бұзу туралы куәліктер секілді құжаттарға өзгерістер енгізе отырып, оларды қайта шығаруға өтініш бересіз. Мәселен, егер бұрын адамның тегін өзгерту үшін ХҚКО-ға бару қажет болса, қазір оны электронды түрде жасауға болады және ол үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ",- деп мәлімдеді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.


Қандай жағдайда құжаттарға өзгеріс енгізуге болады:


тегін және атын, әкесінің атын өзгерткенде;


әке болу туралы сот шешімінің күші жойылғанда;


некеде тұрмаған ананың туу туралы актілерді тіркеу кітабына баланың әкесі туралы мәліметтер енгізу жөніндегі өтініші түскен жағдайда;


егер азаматтық хал актісін тіркеу кезінде қате (бұрмалау, мәліметтерді немесе жекелеген сөздерді тастап кету) жіберілсе;


азаматтық хал актілері жазбаларындағы қателер сот тәртібімен анықталғанда;


некені бұзуға немесе некені жарамсыз деп тануға байланысты ерінің (зайыбының) тегі өзгертілгенде;


ұл (қыз) асырап алудың күшін жою немесе оның күші жоқ деп тану, сондай-ақ некенің күші жоқ деп тану туралы сот шешіміне байланысты;


ұлты өзгерген жағдайда;


ата-ананың арасындағы некенің тоқтатылуына немесе некенің жарамсыз танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың тегін өзгерткенде және тағы басқа.


Аталмыш қызметті электрондық үкімет порталының "Азаматтарға" - "Отбасы" бөлімінен табуға болады.


Құжаттарға өзгеріс енгізуге өтініш беру үшін не істеу керек:


eGov.kz порталында авторизациядан өту;


қызметтін түрін таңдау;


куәлік беретін ХҚКО филиалын таңдау;


отбасы жағдайы мен табыс көзін көрсету;


актілік жазбаның нөмірі мен тіркелген күнін көрсету, оған өзгерістер енгізу;


акт жазбасы үшін қандай өзгерістер, түзетулер, толықтырулар қажеттігін көрсету;


өзгерістер енгізу үшін растайтын құжатты тіркеу;


төлем жасау;


өтінішке қол қою.


Қызмет нәтижесі eGov.kz порталының мәртебе парағында және жеке кабинетінде хабарлама түрінде пайда болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құжат #егов #өзгеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.