AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / eGov.kz пен eGov Mobile-да жаңа қызмет түрі қосылд...

eGov.kz пен eGov Mobile-да жаңа қызмет түрі қосылды

Әлеумет 27.12.2022, 10:22 1,204
eGov.kz пен eGov Mobile-да жаңа қызмет түрі қосылды
Сурет: Тengrinews.kz

Мұнда өтініш беруші туралы барлық дерек мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде алынады.


EGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша жаңа қызмет түрі іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасап.


Ақпаратқа сәйкес, бұл қызмет түрінің ерекшелігі қызметті онлайн алған кезде өтініш беруші туралы барлық дерек мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде алынады. Егер деректер дұрыс енгізілсе, онда өтініш берушіні растайтын ақпарат экранға шығады.


Мамандардың айтуынша, осы уақытқа дейін мұндай қызмет түрі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерінде қағаз түрінде көрсетіліп, көп уақыт алған көрінеді.



«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ командасы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті және сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұрын еңбекке жарамсыздық бойынша төлемдерді алу үшін анықтамаларды қағаз түрінде ұсыну керек болатын, қазір қызметті алу процесі жеңілдетілді, пайдаланушыға өз деректерінің дұрыстығын тексеріп, қызметке қол қою жеткілікті. Барлық қажетті ақпарат мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде тартылады», - деді компанияның Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.



eGov.kz порталы «Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» қызметін алу үшін:  


-             eGov.kz порталында авторизациядан өту керек;


-             басты бетте «Азаматтарға» - «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - "Мүгедек адамдарды қолдау» өту қажет;


-             «Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» қызметін таңдау керек;


-             онлайн қызметке тапсырыс беру керек;


-             ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойып, қызметті онлайн алуға болады.


Қызмет көрсету мерзімі – 8 жұмыс күні.


Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) электрондық құжат пен сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысу қажет.


Ал, eGov mobile мобильді қосымшасында бұл қызмет түрі «Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар» бөлімінде қолжетімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#онлайн #қызмет #егов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);