AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / eGov/Aitu және Alem.cloud бойынша министрліктерге...

eGov/Aitu және Alem.cloud бойынша министрліктерге тапсырмалар жүктелді

Билік 20.10.2025, 09:33 509 Сұлу
eGov/Aitu және Alem.cloud бойынша министрліктерге тапсырмалар жүктелді
depositphotos.com

Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық ететін Цифрлық штаб  eGov/Aitu және Alem.cloud бойынша министрліктерге тапсырмалар жүктеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

 Мемлекеттік органдарға келесі тапсырмалар берілді:

  • Қаржы, Ұлттық экономика, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, "Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі" корпоративтік қорын өңірлік инновациялар және кәсіпкерлік орталығы ретінде нығайту үшін 2025 жылғы 10 қарашаға дейін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтсін.
  •  Азаматтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке мобилді қосымшаларды әзірлеуге тыйым салуы және олардың тек eGov және Aitu платформаларында жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі тиіс.
  • Alem.cloud ұлттық суперкомпьютер орталығында есептеу ресурстарын бөлу қағидалары бекітілсін, содан кейін тиісті нормативтік құқықтық акт әзірленсін. Ғылым және жоғары білім министрлігі қолданыстағы тетіктер шеңберінде ЖОО-ларға қолдау көрсетуді қамтамасыз етсін.

Цифрлық штабтың шешімімен мемлекеттік органдарға Astana Hub IT-стартаптар технопаркі қызметінің басым түрлерінің тізбесіне мультимедиа, ойындардың дизайнын жасау мен басып шығару, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, сүйемелдеу және түрлендіру, киберспорт саласындағы қызметтер сияқты танымал бағыттарды қосу тапсырылды. Бұдан басқа, аталған тізбе ҚР резиденті еместерге бағдарламалық қамтуды пайдалана отырып, бизнес-процестер аутсорсингі, ағылшын тілін оқыту сияқты қызметтермен толықтырылды. Қызметтер аясын кеңейту Astana Hub-тың жаһандық технологиялық қоғамдастықты тарту орталығы ретіндегі ұстанымын күшейте түседі.

Ыңғайлы және қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыру мақсатында барлық мемлекеттік мобильді сервистер SuperApp қағидаты бойынша eGov және Aitu экожүйелеріне кезең-кезеңімен біріктірілетін болады. Интеграция мобильді қосымшалардың бытыраңқылық мәселесін жояды, үдерістерді жеделдетеді және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырады.

Alem.cloud суперкомпьютерлік орталығының есептеу ресурстарын бөлу ережелерін бекіту Astana Hub стартаптары, ғылыми ұйымдар мен университеттер, мемлекеттік органдар және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ шетелдік компанияларды қоса алғанда, жеке сектор жобалары үшін жоғары өнімді қуаттарға қол жеткізудің нақты әрі айқын тетігін қалыптастырады.

Alem.cloud қуатын пайдалануға берудің басым бағыттары жасанды интеллекттің ұлттық даму міндеттерін ескере отырып анықталады және білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау, мемлекеттік басқару, мұнай-газ саласы, тау-кен металлургия кешені, энергетика, геологиялық барлау, көлік және логистика, өнеркәсіп, құрылыс, робототехника және тағы да басқа салаларды қамтиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бектенов #тапсырма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);