Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды

ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды

Әлеумет 09.01.2025, 16:04 774
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Сурет: Freepik.com

Енді қазақстандықтар бұрын алған колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын eGov.kz порталында цифрландыра алады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz 

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" мәліметіне сәйкес, eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді.

"Енді азаматтар тек қате деректерді түзетіп қана қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет тек бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді", - делінген хабарламада.

"Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді жаңарту (түзету)" мемлекеттік қызметі кеңейтілген. Бұрын бұл қызмет тек қате мәліметтерді түзетуге мүмкіндік берсе, енді білім туралы құжаттарды цифрландыруға өтініш беру мүмкіндігі қосылған.

Қызметті пайдалану үшін:

eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Азаматтарға" - "Білім" бөлімін таңдау керек;

"Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" қызметін таңдап, "Онлайн сұрау" батырмасын басу қажет;

"Білім туралы құжаттар туралы ақпаратты цифрландыру" қызметін таңдап, білім туралы құжаттың түрін көрсетіп, құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу керек;

қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде қолжетімді болады.

"Құжаттарды цифрландыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 1980 жылдан 2023 жылға дейін берілген орта білім, техникалық және кәсіби білім беру құжаттары цифрландыруға жатады. Қызметті көрсету уақыты – 5 жұмыс күнін құрайды".

Ұсынылған құжаттар немесе деректер қате болған жағдайда қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#егов #құжат #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.