Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ЕGov mobile қосымшасына жаңа функция қосылды

ЕGov mobile қосымшасына жаңа функция қосылды

Әлеумет 12.08.2023, 11:38 1,033
ЕGov mobile қосымшасына жаңа функция қосылды
Inform.kz

EGov mobile мобильді қосымшасы қазақстандықтарға әртүрлі өмірлік жағдайларға байланысты жеке push хабарламаларын жібереді.


Жаңартулар қазақстандықтарға алдағы маңызды күндер туралы еске салуға мүмкіндік береді: зейнетке шығу, ЖОО-ға түсу және бітіру, баланы мектепке қабылдау, Е-лицензиялау порталының өтінімдерін мақұлдау және компания басшысының ауысуы туралы хабарламалар.


«Біз азаматтарға қызмет көрсету жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатырмыз, біз әртүрлі өмірлік жағдайларға арналған тағы жеті push хабарламаны іске қостық. Бұл мемлекеттік мекемелерге бармай-ақ адамдарды маңызды күндер туралы алдын ала хабардар етуге және «көрінбейтін» қызметтер көрсетуге көмектеседі. Осылайша, біз қазақстандықтарды алдағы күндер туралы алдын ала біліп, ескертеміз. Уақыт өте келе мұндай қызметтердің саны артады, бұлай біз көптеген мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдете аламыз», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.


Жіберілген push хабарландыруларын мобильді қолданбаның «Хабарландырулар» бөлімінде көруге болады. Мобильді қосымша орнатылмаған жағдайда порталдың жеке кабинетінде eGov.kz ұялы нөмір көрсетілген болса, пайдаланушыға қосымшаны жүктеуге сілтеме жасай отырып, 1414-тен жаңа хабарламаның келіп түскені туралы ақпараты бар SMS жіберіледі.


Айта кетейік, бұл жаңартулар Мемлекет басшысының Invisible Government тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылды. Яғни, мемлекет қазақстандықтарға қажетті мемлекеттік қызметтерді ұсынады және оларды өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде сүйемелдейтін болады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#mobile #функция #қосымша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.