AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / eGov mobile мобильді қосымшасында жаңа бөлімі іске...

eGov mobile мобильді қосымшасында жаңа бөлімі іске қосылып жатыр

Әлеумет 24.03.2023, 14:05 1,245
eGov mobile мобильді қосымшасында жаңа бөлімі іске қосылып жатыр
Сурет: Primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері талқыланды.


Денсаулық сақтау саласын цифрландыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Осыған байланысты елімізде цифрландыруды тереңдету және денсаулық сақтау саласындағы ақпарат жүйелерін біріктіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл орайда жеке медициналық деректердің таралу қаупін жою өте маңызды саналады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


Бүгінгі таңда пилоттық режимде «eGov mobile» мобильді қосымшасында «eDensaulyq» жаңа бөлімі іске қосылып жатыр, онда халықтың кеңейтілген медициналық деректері, оның ішінде донорлық мәртебесі (тірі кезіндегі), электронды рецептілер, медициналық қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтер, жүктілік бойынша есепке тұру, диспансерлік есепке тұру, ауруханаға жатқызу деректері, вакциналау туралы ақпарат, зертханалық зерттеулер нәтижелері туралы мәліметтер, көрсетілген клиникалық-диагностикалық қызметтер (дәрігердің қабылдауы және т.б.), аурухана парақтары кіреді.


Айта кету керек, қосымшаның бір бөлімінде аталған деректердің жиналуы медициналық көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Ел тұрғындары кез келген уақытта өздерінің медициналық деректеріне қатысты қажетті ақпаратты ала алады.



«Медициналық көмекті одан да қолжетімді ету, үйден шықпай алуға болатын қызметтер тізімін ұлғайтып, олардың сапасын арттыру үшін денсаулық сақтау саласын цифрландыру процестерін жандандыру және тереңдету қажет», - деді А. Көлгінов.



Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға құпия медициналық деректерді қорғау керектігін ескере отырып, ақпарат жүйелерін біріктіру және цифрлық медицинаны одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#eDensaulyq #егов #цифрландыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);