Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Е-сommerce екпіні зор

Е-сommerce екпіні зор

Әлеумет 09.02.2024, 06:02 1,325
Е-сommerce екпіні зор
almaty-akshamy.kz

Кейінгі кезде елімізде электронды сауда ерекше қарқын алып келеді. Нарық барысын бағамдайтын халықаралық ұйымдар мәліметіне сүйенсек, соңғы 1-2 жыл бедерінде ол 20, 2 %-ға артқан. Бұл демек Қазақстандағы электронды сауда көлемі оның алдындағы жылға қарағанда 220,1 млрд теңгеге ұлғайған деген сөз.



Ірі тауар топтарын қарастырғандар бірде-бір аталымның теріс динамика көрсетпегенін байқаған. Отандастарымыз интернет арқылы сауда жасауға мейлінше бет бұрған. Бұл ретте, киім-кешек, аяқ киім және түрлі аксессуарлардың онлайн-сатылымдағы үлес салмағы басым болғаны сонша, бұл тарапта 423,9 млрд теңге жұмсалған. Сатылымдар көлемі бойынша 2-орынға тұрмыстық техника мен электроника шыққан және жоғары технологиялық тауарлар 355 млрд тенгеге сатылып, өсімі 11,6%-ды құраған.    



Мұның сыртында азық-түлік өнімдерінің де онлайн-сатылымы қарқын алып, 35,4 млрд-тан 45,5 млрд теңгеге артқан. Сусындар мен темекіге интернет арқылы тапсырыс беру көлемі де айтарлықтай ұлғайып, оның пайыздық көрсеткіші бұдан бір жыл бұрынғыға қарағанда 23,3%-ға өскен.    



Жалпы, сарапшылардың мәліметінше, осыдан 5 жыл бұрын онлайн-сауда жалпы сатылымның небәрі 2,9 %-ын құраған көрінеді. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 9.9 % болса, былтыр 12%-ға жеткен. Ал енді бір-екі жылда онлайн-сатылым бөлшек сауданың 15 %-ын еншілейді деген болжам бар.    



Әлемдік деңгейде алып қарағанда да, интернеттегі сауда қарқыны күшеймесе, бәсеңдемейтіні байқалады. Яғни, жаңа тенденциялар пайда болатыны, экономикалық дамуға орай, тұтынушылардың онлайн-саудадағы белсенділігі арта түсетіні даусыз. Электронды саудада алдағы уақытта қандай трендтер өзекті болуы мүмкін дегенде, мамандар негізгі 5 бағытты айқындаған. Осы орайдағы маңызды жағдайдың бірі: тұтынушыларды онлайн-саудада тауарды арзанырақ алуға болатыны қызықтырады. Осы арқылы жұрттар шығынды азайту жолын іздейді. Сонымен қатар, тұтынушының қандай да бір киім-кешекті виртуалды түрде өлшеп көруіне мүмкіндік беретін түрлі қосымшалар мен бағдарламалардың бәсі артады. Ал электронды сауданы дамыту онлайн төлемдер жүйесін жетілдіруге, көлеңкелі айналымды қысқартуға, халықаралық саудаға интеграциялану әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар мамандандырылған электронды алаңдарды құру арқылы отандық тауарларды сыртқы нарыққа шығаруға қолайлы жағдай туады. Сол себепті де, электронды сауданы дамыту ел экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі болып саналады.



Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, еліміздегі электронды сауда көшін Kaspi.kz пен Wildberries бастағаны даусыз. Бұл ретте олардың ақшалай өсімі, АҚШ долларымен есептегенде, алдыңғы жылмен салыстырғанда 25% және 30% пайызға артқан. Сол сияқты, Ozon-дағы тауар айналымы да жылма-жыл өсіп, оған тіркелген сатушылар мен ассортимент қатары үсті-үстіне қосылып жатқаны айтылуда.



Еліміздегі онлайн-сатылым бойынша тағы бір танымал компания – Satu.kz-тегі жаңа кәсіпкерлер қатары да өткен жылдарға қарағанда молая түскен. Бұған «Досыңды алып кел» атты тұрақты акция мен бірлескен әріптестік жобалардың да әсері болғаны аян. Сондай-ақ компания өкілдері пандемияны өсімге әсер еткен негізгі факторлар қатарында атайды. Ол кезде азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жұрт жаппай онлайн-тапсырыс арқылы алдыруға мәжбүр болғаны және бұл онлайн-саудаға деген сенімсіздіктен туындайтын кедергіні іс жүзінде жеңуге септігін тигізгені рас та. Сөйтіп, бұл тәжірибе ары қарай басқа тауарларға қатысты да жемісті жалғасты. Интернет пен смартфондардың қолжетімділігі, онлайн-төлем инфрақұрылымының дамуы сияқты басқа да маңызды факторлар процесті жеделдете түсті.



Бұл саладағы даму қарқынына еліміздегі цифрландыру деңгейі де негіз болғаны анық. Себебі, 2022 жылы БҰҰ мониторинг жүргізген 193 мемлекеттің ішінен аталған көрсеткіш бойынша Қазақстан 28-орын иеленген. Бұл, әрине, жақсы жетістік. Кезінде апталап, айлап, табанынан тозып жүріп  әрең алатын түрлі ресми құжаттарға қазір халық үйінде отырып-ақ қас-қағым сәтте қол жеткізе алады. Халыққа қызмет көрсету орындары сияқты мемлекеттік органдар жұмысының цифрландырылуы да жұрттың онлайн қызметке деген сенімін арттырды.     



Дегенмен бұл арада халықтың цифрлық тұрғыдағы сауаттылығын жетілдіру де өте өзекті. Өйткені электронды-cауда интернет-алаяқтардың да қолайына жаққаны сонша, олардың кей жағдайда қарапайым жұртты сазға отырғызуына жол ашып жүргені мәлім. Және бұл көбіне тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем жасау барысында туындап жүр. Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында электронды сауда алаңына қосылуға ықыласты сатушыны мемлекеттік порталдарда ерікті түрде тіркеу механизмі ұсынылуда. «Сөйтіп, сатып алушы тауарға тапсырыс бермес бұрын сатушы туралы ақпаратты мемлекеттік порталдан тексере алатын болады. Тұтынушы құқын қорғаудың тиімді жолы – осы» дейді мамандар.   



Электронды сауда елімізде енді-енді тамырланып келе жатқандықтан, қарапайым халықтың ғана емес, осы салаға жаңа маманданып жүргендер мен маманданғысы келетіндердің де білімін жетілдіру аса маңызды. Сондықтан е-сommerce негіздеріне оқыту мақсатында jumysbar.kz сайтында білім беру модулі іске қосылған. Аталған курс онлайн режимде ақша табуға, онлайн сату дағдыларын дамытуға бағытталған.



Онлайн-сатылым алаңдарының көбеюі тапсырыстарды жеткізу мәселесін де күн тәртібіне шығаруда. Халықтың электронды сауда сапасына қанағаттану-қанағаттанбауы тапсырыстың уақытында және жақсы күйде жеткізілуіне де байланысты. Соны аңғарған маркетплейстердің көпшілігі логистика мәселесін шындап ойлануға көшті. Біразы сатып алушының тауар таңдауы мен тауар қолына тигенге дейінгі аралықтағы жұмысты кешенді түрде атқарудың оңтайлы әдістерін ойластырса, енді біразы тапсырысты беру пункттерін жер-жерден аша бастады. Осы тұрғыдағы инфрақұрылым барынша жетілдірілген бойда электронды сауда бұрынғыдан бетер жандана түсері даусыз. 


 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #сауда #Тұтынушы #нарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.