Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «E-otinish» ақпараттық жүйесінің өзектілігі мен ма...

«E-otinish» ақпараттық жүйесінің өзектілігі мен маңыздылығы және шағым жасау тәртібі.

Әлеумет 13.02.2025, 09:40 1,077
«E-otinish» ақпараттық жүйесінің өзектілігі мен маңыздылығы және шағым жасау тәртібі.
mobilaser.kz
Бәрімізге белгілі, қазіргі уақытта мемлекетімізде цифрлық платформалар кеңінен дамып жатыр. Соның бірі «E-otinish» ақпараттық жүйесі. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру...

Бәрімізге белгілі, қазіргі уақытта мемлекетімізде цифрлық платформалар кеңінен дамып жатыр. Соның бірі «E-otinish» ақпараттық жүйесі. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2021 жылдың  1- шілдесінен бастап «E-otinish»  ақпараттық жүйесі іске қосылды. Осыған байланысты азаматтардың арыз-шағымымен жұмыс істеу жүйесі де өзгерді. Енді азаматтардан келіп түскен бірде-бір жолданым тіркелусіз және жауапсыз қалмайды.

«E-otinish» ақпараттық жүйесі жолданымдарды мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай автоматты түрде бөледі және өтініш берушіні жолданымдарды қараудың барлық кезеңдері мен мерзімдері бойынша хабардар етеді және де жолданым берушімен кері байланыс орнатуға, мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 76-бабына және 99-бабына сәйкес, келіп түскен арыз, үн қосу, сұрау, хабар және де ұсыныстар 15 жұмыс күннің ішінде, ал шағым 20 жұмыс күнде қаралып жауап берілуге міндетті.

Сонымен бірге, «E-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы барлық мемлекеттік органдар оқиғалардан хабардар болып, азаматтардың қажеттіліктері мен тілектерінің нақты көрінісіне сүйене отырып, жедел басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік алды.

Қызметті пайдалану үшін электрондық үкімет порталына кіріп, «E-otinish» ақпараттық жүйесінің  баннеріне өту қажет. EGov сервисінен басқа, «E-otinish» қосымшасы Aitu мобильді сервисінде және eGov mobile-да қолжетімді. Сондай-ақ сервисті Халыққа қызмет көрсету орталығында жолданымдарды қабылдау орталығында пайдалануға болады. «E-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жіберілген барлық жолданымдар электрондық цифрлық қолтаңбамен расталуы тиіс.

«E-otinish»  ақпараттық жүйе­сінің ерекшелігі сол, әрбір азамат өзінің өтініші қайда, қандай мекемеге жолданғанын, қай кезде қаралғанын жүйе арқылы қарап, бақылай алады.

Сондай-ақ, арыз-шағымына деген мемлекеттік мекеменің жауабын бағалауға да мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, жүйеде жолданым тіркелген аза­мат­тарға SMS-хабарлама ар­қы­лы арыз-шағымының қаралу кезеңдері туралы хабарламалар жіберіледі. Оның қаралу тарихы жүйеде сақталады және мем­ле­кеттік орган бұрын қандай ше­шім қабылданғанын саралай отырып, әкімшілік іс қалыптастыра алады.

Егер, өтініш иесі берілген жауаппен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 91-бабына сәйкес, жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы және әрекетсіздік белгілі болған күннен бастап 3 ай мерзімінен кешіктірмей берілу қажет.

Шағым жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда беріледі, 20 жұмыс күнде қаралады. Шағымды қарайтын орган шағымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылдауға міндетті.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,461 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,270 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,353 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.