ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионаты...

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына қатысады

Спорт 23.04.2023, 10:05 1,770
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына қатысады
сурет:olympic.kz
Әлем біріншілігі 7-14 мамыр аралығында өтеді.

Әлем біріншілігі 7-14 мамыр аралығында өтеді.


Дзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрама командалары Қатар астанасы Дохада өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазіргі таңда ұлттық құрама спортшылары әлем чемпионаты алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов спортшылардың әлем чемпионатына қалай іріктелгені туралы айтты.



«Әлем чемпионаты – маусымның ең маңызды жарыстарының бірі. Біздің міндетіміз осы жарысқа барынша дайындалып, спортшыларды жақсы формаға келтіру болды. Әлем біріншілігіне спортшылар әр салмақ бойынша осы маусымдағы көрсеткіштеріне қарай іріктелді. Құрама спортшылары жыл басталғаннан бері бірнеше Гран При, Grand Slam жарысына қатысты және құрама сортшылары жыл басынан барлық жарыста жүлдегерлер қатарынан көрінді. Осындай нәтижеге қарай бапкерлер құрамы әлем чемпионатына қатысатын құраманы жасақтады. Нәтижесінде, Доха татамиінде ел намысын аға буын өкілдері де, жас дзюдошылар да қорғайтын болады.


Қазір Алматы облысындағы олимпиадалық даярлау орталығында жаттығудың соңғы кезеңдерін өткізіп жатырмыз. Мұнда күш көрсеткіштері бойынша, техника мен тактика бойынша көп жұмысты жетілдіреміз. Әлем чемпионаты жылдың ең маңызды додасы болғанымен, одан кейін бізді Астанада өтетін Grand Slam жарысы күтіп тұр. Өз жерімізде өтетін әлемдік бәсекеде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бізге әлем чемпионатынан жарақатсыз, абыроймен оралу аса маңызды», - дейді Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов.



Дохада өтетін дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі келесідей:


Ерлер: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза, Айдар Арапов (mix team, 90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Ғалымжан Қырықбай (100 келіден жоғары салмақ дәрежесі).


Әйелдер: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева (48 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі), Анастасия Маякова (70 келі), Аруна Жангельдина (78 келі), Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары салмақ дәрежесі).


Айта кетерлігі, Дохада өтетін әлем чемпионаты Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы әлем біріншілігі болып саналады. Жарыс нәтижесі бойынша спортшылардың әлем және Олимпиада рейтингтеріне тиісті ұпайлар үлестіріледі. Атап айтқанда, әлем чемпионы 2000, күміс жүлдегер 1400, ал қола жүлдегер 1000 ұпайдан еншілейді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.