ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Дүниежүзінде әр секунд сайын 130 келі шай өндіріле...

Дүниежүзінде әр секунд сайын 130 келі шай өндіріледі

Әлем 03.07.2023, 11:25 1,137
Дүниежүзінде әр секунд сайын 130 келі шай өндіріледі
Сурет: Bilim-all.kz
Әлемде ең танымал сусын - шайдың өз мерекесі бар.

Әлемде ең танымал сусын - шайдың өз мерекесі бар.


ЮНЕСКО шатб пәтерінде биыл бұл мереке осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Шараға біздің еліміз алғаш рет қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24.kz таратқан ақпаратқа сай, дүниежүзінде әр секунд сайын 130 келі шай өндіріледі. Шайға деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Көп елдің салт-дәстүрімен ұштасқан  шай мәдениеті бір жыл бұрын адамзаттың материалды емес мұрасы деп танылды. Содан бері ЮНЕСКО штаб-пәтерінде шай күні аталып өтеді.



«Еуропада шай мәдениеті кенже қалған десе болады. Мұнда адамдар шайды көбіне тек ауырған кезде ішеді. Жай уақытта оны демдеп, дәмі мен хош иісінен рахат алу сияқты дәстүр жоқ. Біз осыны өзгерткіміз келеді», - дейді ЮНЕСКО қоғамы қауымдастығының президенті Мариетта Бантчев.



Халықаралық ұйым қабырғасында өткен шараға негізінен қытай камелиясын өсіретін елдердің өкілдері жиналды. Дүниежүзінде шайды көп өндіретін де осы мемлекеттер. Солардың бірі - Кения. Бұл елдің тұрғындары жайға жан сыйлайтын сусында сүт қатып ішкенді ұнатады.


«Кенияда кез келген үйге қонаққа барсаңыз сізге ең алдымен шайға шақырады. Жергілікті тілде Карибу шай дейді», - дейді  ЮНЕСКО-дағы Кения тұрақты өкілінің орынбасары Эва Майна.


Цейлонда көбіне жоғары сұрыпты шай өндіруге ден қойылған. Осы себепті өндірістік алқаптардан алынатын өнімнен көрі жеке шаруашылықтардың сұрыпы жоғары бағаланады. Әлемде де осы үрдіс күшейіп келеді.



«Бұл шарап сияқты. Тпті оны бір ерекше өнер деп қарастыруға болады. Мысалы Шри-Ланкада олар қандай биік жотада өсірілгеніне қарай ерекшеленеді. Шарап сияқты шайдың дәмін татушы арнайы мамандар бар», - дейді ЮНЕСКО-дағы Шри-Ланканың тұрақты өкілі Маниша Гунасекера.



Әлемде ірі шай өндірушілердің арасына Индонезияны жатқызуға болады. Мұнда әсіресе қара шай құнды. Ал Қазақстан бүгінгі салтанатты шараға алғаш рет қатысып отыр. Біздің елде ол өндірілмегенмен, халықтың ең көп ішетін сусыны саналады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.