ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Хабарлама / Дубайға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық азамат т...

Дубайға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық азамат табылмай жатыр

Хабарлама 10.01.2023, 05:54 2,097
Дубайға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық азамат табылмай жатыр
Сурет: Elorda.info
Жоғалған жігіт 27 желтоқсаннан бері байланысқа шықпаған.

Жоғалған жігіт 27 желтоқсаннан бері байланысқа шықпаған.


Дубайға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық азамат жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 


LIFE09 ақпарат агенттігінің жазуынша, Қазбеков Исламбек 2022 жылдың қыркүйек айында Дубай қаласына жұмыс істеуге кеткен. Бірақ жыл соңына қарай Исламбек достарына белгісіз адамдардың айтуымен Тайландқа ауысқанын айтқан. Кейіннен Тайланд, Лаос, Мьянма елдерімен шектесетін «Золотой треугольник» деген жерге алданып келгенін айтқан. Бірақ  27 желтоқсаннан бері байланысқа шықпаған. 


Жоғалған азамат соңғы хабарламасында түсініксіз жайттардың болып жатқанын достарына ескертіпті.



«Золотой треугольник» деген жерге келгенше 10 посттан өттік. Қайда тап болғанымды сонда келгенде ғана түсіндім. Жанымда 1 қазақстандық жігіт, 2 пәкістандық және тағы бір адам бар. Бізге басында аудармашы боласыңдар деген, кейіннен сату жұмыстарымен айналысасыңдар деді. Сатудан қажетті ақшаны таппасаңдар, ақшаны өздерің төлейсіңдер деп айтты. Ал ол ақшаны өтеп бере алмасақ, ұрамыз, құлдыққа саламыз, түрмеге қамаймыз дейді. Енді бір амал болса, қайтып кетуге тырысамыз. Егер менен хабар үзіліп қалса, жағдайдың қиындағаны деп түсініңдер», – делінген жоғалған жігіттің соңғы хабарламасында. 



Достарының айтуынша, Исламбекті  құлдықта ұстап отыруы мүмкін.  


Мемлекеттік органдар жоғалған азамат туралы қандай да бір ақпарат білу үшін жұмыс істеп жатыр. Ол жерде заңның күші аса жүре бермейді. Бұрынғы тәжірибелер көрсеткендей, ол елдерде осындай жағдайға тап болған адамдарды қайтару үшін қомақты қаржы сұрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.