ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті...

Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін

Керек кеңес 23.11.2024, 17:43 1,267
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Сурет: Global Look Press/Sascha Thelen/dpa
Диетолог Дубай шоколадының Квинке ісінуін тудыруы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Диетолог Дубай шоколадының Квинке ісінуін тудыруы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 «Біреудің қаңсығы – біреуге таңсық». Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан трендтердің соңынан кейінгі кезде ілесудің өзі мүмкін емес. Сондай трендтердің бірі, бүкіл әлем боп дубай шоколадын жеу сәні. Трендтен қалмайын деп тыраштанып жатқанда оның денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін екенін ешкім ойлана қоймайтын сыңайлы. Бағасы да қалтаға едәуір салмақ түсіретін бұл тәттінің денсаулыққа да келтірер салмағы шаш етектен екен. Аллергиясы бар адамдарға бұл өнімді абайлап жеген абзал. Себебі Дубай шоколадын жегеннен кейін мұндай адамдарда аллергиялық реакция күшейіп, Квинке ісінуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік маман, медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог Римма Мойсенко ескертті.

 «Кофе, какао және жаңғақтар - ең күшті аллергендер. Бұлардан бөлек, шоколадта  аллергия тудыратын тағы бір өнім - сүт компоненттері болса, ол  аллергияға бейім адам үшін  қарсы «бомбалық күшке» айналады, бұл кем дегенде Квинкенің ауыр ісінуін немесе аллергиялық реакцияның басқа түрін тудырады», – деп атап өтті Мойсенко.

Диетолог Дубай шоколадының өзі және оның ингредиенттері адамдар үшін қауіпті емес, құрамында зиянды заттар жоқ екенін атап өтті. Бар болғаны, құрамында какао бұршақтарынан басқа ештеңе жоқ плитка шоколад пен жаңғақтардың барлық түрлерімен толтырылған шоколадтың арасында айырмашылық бар. Көптеген адамдар үшін бұл өнім күшті аллерген болып табылады.

PhD докторы Дубай брендінде шоколад сатуға арналған барлық рұқсат құжаттары болуы керек екенін айтты. Жапсырмада негізгі ингредиенттер жазылған, бірақ көптеген компоненттер араб тілінде жазылғандықтан, қаптаманы оқуға мән бермейді. Өнім құрамына қосылатын басқа құрамына  келетін болсақ, олар көбінесе мүлдем жазылмайды да.

Бір ай бұрын,  21 қазанда бірқатар Telegram арналары мен бұқаралық ақпарат құралдары Мәскеуде Дубай шоколадын жеген бойда Квинке ісінуіне ұшыраған қыз туралы жарыса жазған болатын. Зардап шеккен адамның аллергиясы шоколадты бір тістегеннен кейін-ақ басталған. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.