AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Досым Сүлеевтің гитарасы аукционға қойылады

Досым Сүлеевтің гитарасы аукционға қойылады

Мәдениет 24.11.2022, 09:14 1,680
Досым Сүлеевтің гитарасы аукционға қойылады
Сурет: Inform.kz

«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы және оның алғашқы жетекшісі Досым Сүлеев өзінің 1974 жылғы гитарасын XIII қысқы қайырымдылық балының аукционына тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оның айтуынша, бүгінге дейін халық сүйіп тыңдайтын «Жан досым» әнінің музыкасы дәл осы гитарамен жазылған.



«Біз бұл гитараны студент кезімізде ауылшаруашылық жұмыстарынан тапқан еңбекақымызға сатып алдық. Ол кезде жатақханада тұрдық. Онда электр гитара немесе фортепиано кіргізе алмайтынбыз. Сондықтан, қарапайым гитара сатып алдық. Бұл аспаппен жатақханада бірге тұрған қыздарға арнап ән айтатынбыз. Бізде үш гитара болды. Бұл – біздің соңғы сатып алған аспабымыз», - деді Досым Сүлеев.



Ол осы гитараны оған Мәскеуге оқуға кетер кезде музыка өнерін ұмыт қалдырмас үшін ансамбль мүшелері сыйға тартқанын атап өтті. Бұл уақыттарда Досым Сүлеевтің «Той жыры», «Алматы түні» сияқты әндері тыңдармандар арасында танылып үлгерген еді. Кейін Мәскеуде жүріп, жолдастары сыйлаған осы аспаппен «Жан досым» әнін жазған



«Егер адам жастарға, балаларға және олардың болашағына мән бермесе, онда оның ақылы жоқ. Ал егер, балаларға аяушылық, жанашырлық танытпаса, онда оның жүрегі жоқ. Сондықтан, мен осы шараға қатысып отырмын. Ансамбльдің бірінші жетекшісі ретінде топ атынан біз үшін жәдігерге айналған заттарды тапсырғым келеді. Оны «Болашақ» қоры өз аукционында нақты құнынан қымбат бағаға сатып, түскен ақшаны аса ауыр сырқаттары бар балалардың еміне бағыттайды», - деп тоқталды Досым Сүлеев.



«Болашақ» қайырымдылық қорының мәліметінше, 10 жыл ішінде 800 млн теңгеден астам қаражат жиналып, оған 70 мамандандырылған оңалту мекемесі мен 46 инклюзивті қолдау кабинеті ашылған. Сондай-ақ, аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар 700-ден астам бала мен тұрмысы нашар отбасылардың балаларына көмек көрсетілген.


Айта кетейік, Досым Сүлеевтің гитарасы 8 желтоқсанда Астанада өтетін XIII қысқы қайырымдылық балында аукционға шығарылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Гитара #Досым Сүлеев #аукцион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);