Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Досаев Алматының индустриалды аймағындағы екі жаңа...

Досаев Алматының индустриалды аймағындағы екі жаңа кәсіпорынды іске қосты

Әлеумет 23.09.2022, 03:48 1,315
Досаев Алматының индустриалды аймағындағы екі жаңа кәсіпорынды іске қосты
Сурет: Әкімдік

Ерболат Досаев Алматыда бірден екі кәсіпорынның – тау-кен өндіру жабдықтарын өндіру және қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшының суперсервисі Weir Minerals және диагностикалық тест-жүйелерін өндіретін «Қаз-Диа-Тест» ЖШС-тің іске қосылуына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Weir Minerals компаниясының әлемдік көшбасшысының супер сервисін Кazstroy Trade ЖШС Алматы индустриалды аймағындағы шағын өнеркәсіп саябағында жүзеге асырады. 2450 шаршы метр алаңда энергетикалық сектор, тау-кен өндіру саласы және жалпы мақсаттағы өнеркәсіп үшін шлам жабдығын шығару жоспарлануда: сорғылар, гидроциклондар, клапандар, елеуге арналған жабдық, резеңке және тозуға төзімді футеровкалар. Жоспарланған өндірістік қуаты – жылына 600 бірлік өнім. Жобаға салынған жалпы инвестиция 1,25 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын 60-тан астам жаңа жұмыс орнын ашады.



Жобаны іске асыру өз қызметінде тау-кен өндіру жабдығын қолданатын ірі компаниялардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.


 «Бұл – Орталық Азиядағы алғашқы зауыт. Weir Minerals-тың KAZAX Minerals және Kazzinc сияқты қазақстандық компаниялармен серіктес әрі мол тәжірибесі бар. Weir Minerals жабдықтары бұрыннан қалыптасқан және жергілікті мыс шахталарында сенімді жұмыс істейді. Енді отандық компаниялардың құрал-жабдықтарды сатып алуға және қызмет көрсетуге мүмкіндігі болады», - деді Ерболат Досаев өзінің құттықтау сөзінде.


Қала басшысы сондай-ақ «Қаз-Диа-Тест» ЖШС зауытының ашылуына қатысты, ол тест-жүйенің 4 түрін: экспресс-тест, ПТР-тест, ИФТ-тест, Петри тостағанын шығаратын болады. Зауыттың қуаттылығы – жылына 1,83 млн тест. Жобаның құны – 4,6 млрд теңге, оның 50%-ы – өз қаражаты, 50%-ы – қарыз қаражаты. 65 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.  



«Мұндай жобаны іске асыру, әсіресе соңғы жылдардағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, дер кезіндегі әрі өзекті шешім болып табылады. Коронавирус пандемиясы «Басты байлық – денсаулық» екенін нақты көрсетті. Сондықтан жеке тестілеу жүйелерінің болуы – Алматы қаласы  ғана емес, бүкіл Қазақстан  және жалпы денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды қадам», - деді қала басшысы кәсіпорынның ашылу салтанатында. 



Ерболат Досаев индустриалды аймақтың басқарушы компаниясына өндірістік кәсіпорындардың жұмысы үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкім #кәсіпорын #Индустрия аймағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.