AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Допинг қолданғаны үшін Айбол Әбікен төрт жылға фут...

Допинг қолданғаны үшін Айбол Әбікен төрт жылға футболдан шеттетілді

Спорт 31.07.2022, 07:15 1,666
Допинг қолданғаны үшін Айбол Әбікен төрт жылға футболдан шеттетілді
Сурет: M24.ru

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы, 26 жастағы Айбол Әбікен допинг қолданғаны үшін төрт жылға футболдан шеттетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстан допингке қарсы орталығынан мәлім еткеніндей, мамыр айында Айбол Әбікеннің ағзасынан тыйым салынған мельдоний (милдронат) препараты табылған болатын. Осылайша, А.Әбікен кәсіби футболға 2026 жылдың 29 сәуірінде ғана, отыз жасқа жақындағанда орала алады.


Биылғы маусымда жалгерлік құқығымен павлодарлық «Ақсу» құрамында 7 матч өткізіп, 3 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Айбол - алматылық «Қайраттың» түлегі, оның ойыншы ретіндегі құқығы осы командаға тиесілі. Футболшы Қазақстан құрамасы сапында 14 матчта Албания қақпасына 1 гол соқты.


Осымен үш жылға жетпейтін мерзім ішінде допинг табылған Қазақстан құрамасының үш ойыншысы футболдан шеттетілді. 2020 жылдың күзінде БАӘ-нің «Аль-Айн» командасында доп тепкен Бауыржан Исламхан, ал өткен жылы күзде «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Руслан Валиуллин екі жыл мерзімге футбол ойнау құқығынан айырылды.


Бұл матч бүгін «Астана Арена» стадионында елорда уақытымен сағат 15.00-де басталады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Ұлттық құрама #футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);