AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Допинг дауына қалғандар

Допинг дауына қалғандар

Спорт 22.02.2023, 04:55 1,477
Допинг дауына қалғандар
Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстандық 10 спортшы допинг үшін спорттан шеттетілді.


Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.


Токиода 2020 жылы өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Соннан метастерон сынамасы табылды, соның салдарынан ол 8 жылға спорттан тыс қалды. Метастерон үшін ауыр атлеттер Алексей Дроздов, Аблай Әуелханов, Юлия Потассова, Руфина Чалкарова да 2026 жылдың 28 наурызына дейін жарыстарға қатыса алмайды. Сондай-ақ тағы бір ауыр атлет Карина Жүнісбаева канренон сынамасы үшін 2024 жылдың 21 қазанына дейін спорттан шеттетілген еді. Жеңіл атлеттер Александр Савгуров пен Екатерина Грицай оксаладрон үшін 2025 жылдың 26 қазанына дейін спорттан шеттетілді. Ал таеквондо шебері Жасүрбек Исрайловтан мельдоний сынамасы табылып, 2025 жылдың 18 қарашасына дейін спорттан тыс қалды.


Естеріңізде болса, Қазақстандық ауыр атлеттер бұған дейін де допинг қолданғаны үшін Олимпиада ойындарының медальдарынан айырылып қалған болатын.


Айта кетейік, Токио Олимпиадасында қазақстандық ауыр атлет, 2020 жылғы Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақ бойынша қола медальды және 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін еншілеген еді. 24 жастағы Игорь Сон өз карьерасында осындай жағдайға екінші рет тап болып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Допинг #спорттан шеттету #метастерон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);