14 маусым жыл сайын Дүниежүзілік қан доноры күні ретінде атап өтіледі – бұл күн ерікті түрде қан тапсырып, сол арқылы басқалардың өмірін сақтап қалатындарға арналған. Қан донорлары шынымен де игілікті борышты атқарады: олар күн сайын шұғыл медициналық көмекке, күрделі оталар жүргізуге және онкологиялық және гематологиялық ауруларды емдеуге мұқтаж пациенттердің өмірін сақтап қалады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Дүниежүзілік қан доноры күні – қан тапсыру секілді игілікті іс жасайтындардың барлығына алғыс айтудың тамаша мүмкіндігі. Донорлық қанның мұқтаж жандардың барлығына қолжетімді болуын және қоғамда донорлық мәдениет дамуының жалғастырылуын қамтамасыз етуге ұмтылу қажет.
Бүгінгі таңда көптеген қазақстандықтар донорлықты өмірді сақтап қалуға жеке үлес қосу мүмкіндігі ретінде қарастырады. 2025 жылдың соңына қарай елде 255 255 қан және оның компоненттерін тапсыру жүргізіліп, бұл азаматтар арасындағы әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін және қан қызметінің тұрақты дамуын көрсетеді.
Қан мен оның компоненттерін үнемі тапсыратын тұрақты донорлар донорлық қозғалыстың дамуында ерекше рөл атқарады. 40 донорлыққа жеткен жандарға «Денсаулық сақтау саласына қосылған үлесі үшін» төсбелгісі және Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті билік органдарының алғыс хаттары табыс етіледі. Қан тапсыру саны аз белсенді донорлар да қан орталықтарының алғыс хаттарымен марапатталады.