AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Донат пен хайп үшін шектен шыққан 9 стример жазала...

Донат пен хайп үшін шектен шыққан 9 стример жазаланды

Заң мен тəртіп 28.07.2026, 14:56 382
Донат пен хайп үшін шектен шыққан 9 стример жазаланды
polisia.kz

Қазақстанда әлеуметтік желіде заңға қайшы контент жариялаған тоғыз стример әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

ІІМ мәліметінше, аталған азаматтар лайк, қаралым мен донат жинау үшін тікелей эфирлерде балағат сөз айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Ведомство мұндай контентке кәмелетке толмағандардың да күн сайын куә болып отырғанына ерекше назар аударды.

Астана қаласының тұрғыны Индира Ештаева TikTok-тағы тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, заңға қайшы контент таратқаны үшін ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік айыппұл алды.

Алматыда Ақтөре Батырбек тікелей эфир кезінде айналасындағыларды балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін сот шешімімен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Шымкентте 20 жастағы Данияр Сейдалиев көрермен жинау мақсатында тікелей эфирде электрошокер қолданып, адам ұрлау көрінісін қолдан ұйымдастырған. Сонымен қатар эфир барысында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін сегіз тәулікке қамалды.

Жамбыл облысында «Алтын қыз» лақап атымен танылған Лайло Қасымова бірнеше мәрте заңға қайшы контент таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Сондай-ақ осы өңірде 19 жастағы Жарқынай Байбек пен Асылжан Танабергановтың донат пен аудитория жинау үшін тікелей эфирде әдейі бір-біріне дене жарақатын салып, жанжал ұйымдастырғаны анықталған. Екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ІІМ құқық қорғау органдарында әлеуметтік желідегі анонимді аккаунттардың иесін анықтауға мүмкіндік беретін барлық қажетті құралдар бар екенін ескертті. Ведомство цифрлық кеңістікте заң бұзатындарға қатысты шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, жастарға теріс үлгі көрсететін, зорлық-зомбылықты, дөрекілік пен қорлауды насихаттайтын контентке жол берілмейді. Ал азаматтардан келіп түсетін әрбір шағым міндетті түрде қаралып, заң бұзғандардың барлығы жауапқа тартылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);