AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Доллар бағамының көтерілуі азық-түлікке әсер ете м...

Доллар бағамының көтерілуі азық-түлікке әсер ете ме?

Әлеумет 23.10.2024, 13:56 1,139 Nursok82
Доллар бағамының көтерілуі азық-түлікке әсер ете ме?
Almaty-akshamy.kz

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин доллардың қымбаттауы еліміздегі азық-түлік бағасына әсер етпейтінін айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Біз әлеуметтік маңызы бар тауардың 10 түрі бойынша (ұн, тұз, күріш, макарон, май, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз) өзімізді 100% қамтамасыз етіп отырмыз. 14 тауар бойынша қамтамасыз ету көрсеткіші – 80%, 5 тауар бойынша импортқа тәуелділік бар. Құс етімен қамтамасыз ету көрсеткіші – 73%, шұжық (колбаса) – 60%, балық – 60%, ірімшік пен сүзбе – 46%, қант – 44%.

Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістердің кейбір түрлері мысалы, апельсин, банан, лимон және тағы басқасы бойынша тәуекелдер бар. Олар қымбаттауы мүмкін.  Бірақ айтарлықтай емес. Біз мониторинг жүргізіп жатырмыз. Соңғы аптада ештеңе қымбаттаған жоқ», - деді Серік Жұманғарин Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, дүкендердегі баға бақылауда. Алдағы уақытта елімізде өспейтін цитрус жемістерінің бағасы төмендеуі мүмкін.

«Бізде өспейтін апельсин, лимон және тағы басқа цитрус жемістеріне тоқталайын. Қазір Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алаңында осы өнім түрлеріне кедендік әкелу бажын төмендету мәселесін қарастырып жатыр.

Елімізде жылыжай салатын кәсіпорындар бар. Жоғарыдағы жағдай олардың қызметіне қалай әсер ететінін, нарықта қысым болмайтынын қарастырамыз. Жақында біз шешімді қабылдаймыз. Егер біз кәсіпкерлерімізге қауіп төндірмейтінімізге көзіміз жетсе, онда баж көлемін азайтамыз. Менің ойымша, бұл валюта бағамының әсерін жояды», - деді вице-премьер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік #баға #нарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);