ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Докторантураға түсетіндер қазақ тілін меңгергенін...

Докторантураға түсетіндер қазақ тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуға тиіс – министрлік

Білім және ғылым 04.11.2022, 16:25 1,485
Докторантураға түсетіндер қазақ тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуға тиіс – министрлік
Сурет: Ашық дереккөзі
1 қарашада докторантураға түсу емтиханына құжат қабылдау басталды

1 қарашада докторантураға түсу емтиханына құжат қабылдау басталды


Биылдан бастап докторантураға түсетіндер қазақ тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуға тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.


1 қарашада докторантураға түсу емтиханына құжат қабылдау басталды. Құжат қабылдау 18 қарашаға дейін жалғасады. Түсу емтиханы 5-11 желтоқсан аралығында өтеді.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлағандай, түсу емтиханына қатысуға ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында тіркелуге болады.


Докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болады.


Егер түсушіге берілген өтінішке (тестілеуді тапсыру қаласы, білім бағдарламаларының тобы, тестілеуді тапсыру тілі) өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда, оған өтініш қабылдау жүйесі жабылғанға дейін (18 қарашаға дейін) өтінішті өңдеу немесе жою мүмкіндігі беріледі.


Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 29 қарашада жарияланады.



«Түсу емтиханына эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші - 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балл. Ал мемлекеттік білім тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл - 75», – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.



Сондай-ақ, биыл алғаш рет докторантураға түсу үшін шет тілін білу сертификатынан басқа, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет.


Ережені бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген, сондай-ақ ағымдағы жылы нәтижелері жойылған тұлғалар докторантураға түсу емтиханына қайта қатысуға жіберілмейтінін атап өткен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.