AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Докторантураға бірқатар өзгерістер енгізіледі

Докторантураға бірқатар өзгерістер енгізіледі

Білім және ғылым 03.05.2022, 06:54 1,847
Докторантураға бірқатар өзгерістер енгізіледі
Сурет: Inform.kz

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


"Әріптестермен жиналыста жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша кейбір мәселелерді талқыладық. Келесі ұсыныстар айтылды:


Докторанттарға Қазақстан тарихы, қазақ философиясы, қазақ тілі мен әдебиеті сияқты гуманитарлық бейіндегі бірқатар бағыттың ерекшелігін ескере отырып, қолданыстағы талаптарға (WоS және Scopus тізбесіне кіретін басылымдарда мақалалар жариялау) бірнеше балама нұсқаларды қосу ұсынылды.


Атап айтқанда: а) КОКСОН тізіміне енгізілген журналдарда 5 мақала және ғылыми конференциялардан 2 материал; б) сенімді баспаларда монография шығару (Elsevier, Brill, CRC Press, DeGruyter, Edward Elgar Publishing, Springer Nature және басқалары), сондай-ақ US News Best Global Universities Rankings, Academic Ranking of World Universities немесе Times Higher Education World University рейтингінің топ-100 құрамына кіретін университеттерде.


Естеріңізге сала кетейін, былтыр КОКСОН тізіміне енгізілген ғылыми журналдарға қойылатын талаптарды едәуір күшейттік және тізімнен әлсіз журналдарды алып тастап, ескі тізімді толығымен жаңарттық. Сол себепті бұл шешімді жұмыстың қисынды жалғасы деп санаймын. Әрине, толыққанды дәйексөз жүйесі бойынша жұмыс созылып кетті, бірақ соған қарамастан оның қорытындысы шығарылады. Сондай-ақ, WoS және Scopus тізіміне енгізілген және санкцияға байланысты деректер қорынан жойылған ғылыми журналдарда гранттық қаржыландыру аясында жарияланған қазақстандық ғалымдардың мақалаларын, егер бұл мақалалар бұған дейін жариялануға қабылданған болса, оларды тану мүмкіндігі талқыланды.


Бұдан бөлек, енгізу мерзімі кейінге шегеріле отырып, (2023 жылдан бастап) мынадай шаралар ұсынылды: Докторанттарды қабылдау бойынша. Докторантураға түсу кезінде үміткерлерге өздерінің болашақ диссертациясының ғылыми негіздемесін (research proposal) ұсыну ұсынылды. Докторанттардың зерттеу құзыреттілігі бойынша. Бұған дейін біз докторанттардың «Академиялық хат», «Ғылыми зерттеу әдістері» пәндерін міндетті түрде оқуын енгіздік. Бұл құзыреттер кез келген докторантқа ғылыми зерттеулерді өз бетінше орындау үшін қажет. Осы пәндерді меңгеру үшін біліктілік емтиханын өткізу ұсынылады. Ғылыми басшылық бойынша.


Бір ғылыми жетекшіге 15 докторант, кейін біріншісі қорғаудан өте алмаған жағдайда тағы бесеуін бекіту тәжірибесі дұрыс емес. Бүгінгі таңда ғылыми жетекшілер көп жағдайда докторанттармен жұмыс істеуге жеткілікті көңіл мен уақыт бөлмейді. Бұл мәселені шешу үшін жүйелі шаралар қажет", - деді министр. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #білім және ғылым #докторантура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);