ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / «Доксури» тайфуны жақындауына байланысты Қытай қау...

«Доксури» тайфуны жақындауына байланысты Қытай қауіпсіздік шараларын күшейтті

Әлем 26.07.2023, 12:52 1,129
«Доксури» тайфуны жақындауына байланысты Қытай қауіпсіздік шараларын күшейтті
Сурет: ашық дереккөз
Кеше 17:00-де Оңтүстік Қытайдың Гуандун провинциясының су тасқыны мен құрғақшылықпен күрес штабы «Доксури» тайфуны жақындап қалғанына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды...

 Кеше 17:00-де Оңтүстік Қытайдың Гуандун провинциясының су тасқыны мен құрғақшылықпен күрес штабы «Доксури» тайфуны жақындап қалғанына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.


Провинцияның метеорология қызметі бұл кейінгі он жылда Гуандун провинциясының шығысына төнген ең күшті тайфун болуы мүмкін деп мәлімдеді.
Метеоқызметтердің хабарлауынша, бірқатар ауданда «Доксуримен» қатар нөсер жаңбыр жауып, күшті жел тұрады. Жергілікті билік алдын ала ескерту жариялап, жақын маңдағы кемелер мен суларда жұмыс істейтін жұмысшыларды уақытында келіп, айлақтарына тығылуға шақырды.
Шаньтоу қаласының теміржол вокзалы сәрсенбіден жексенбіге дейін бірқатар жүрдек пойыздардың қозғалысын тоқтата тұрады.
Бүгін Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында тайфунға жедел әрекет ету режимінің төртінші дәрежесі енгізілді. Қазіргі уақытта провинциядағы теңіз дақылдарымен айналысатын 1588 адамның бәрі жағаға шығып, 15 603 балық аулайтын кеме айлақтарға тығылды.
ҚХР Ұлттық метеорология қызметі бүгін таңертең биыл бесінші рет қайталануы мүмкін «Доксури» тайфунына байланысты елдегі жағымсыз ауа райын ескертетін ең жоғарғы – «қызыл» дәрежесін енгізді.
ҰМҚ мәліметі бойынша, қуатты тайфун Фуцзянь провинциясы Цзиньцзян қаласының жағалаудағы аудандары мен Фуцзянь және Гуандун провинциялары түйіскен жағалаудағы аудандарға жұма күні шығуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.