ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Джей Лоның концерті: әлемнің түкпір-түкпірінен кел...

Джей Лоның концерті: әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар Алматыға тәнті болды

Алматы 10.08.2025, 20:44 557
Джей Лоның концерті: әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар Алматыға тәнті болды
Алматы әкімдігі
Бүгін Алматы жылдардың ең көп күткен музыкалық оқиғаларының бірі – Дженнифер Лопестің Up All Night атты әлемдік туры аясындағы жеке концерті үшін мыңдаған шақырым жол жүріп келген қонақтарды қарсы...

Бүгін Алматы жылдардың ең көп күткен музыкалық оқиғаларының бірі – Дженнифер Лопестің Up All Night атты әлемдік туры аясындағы жеке концерті үшін мыңдаған шақырым жол жүріп келген қонақтарды қарсы алып отыр. Көпшілігі үшін бұл – Қазақстанға алғаш келуі, ал осында келген соң олар тек көптен күткен шоуды емес, ғашық болмай кетпейтін қаланы да атап өтті.

Шетелдік және өзге қалалардан келген көрермендер Алматыға тәнті болғанын айтады. Керемет табиғат көріністері мен тау, қонақжай әрі мейірімді адамдар, бай асханасы, таза ауа және қаланың ерекше атмосферасы – олар үшін нағыз жаңалық болды.

 «Біз арнайы Дженнифер Лопестің концерті үшін Алматыға ұшып келдік. Оның шығармашылығын қатты жақсы көреміз және оны көруді ұзақ армандадық. Бұл кеш бізге теңдессіз эмоциялар сыйлайды деп үміттенеміз», - Новокузнецк (Ресей) қаласынан келген Артём Чижик. 

Қытайда тұратын Кристина Сагайдак пен Анастасия Турдыакын да ойын бөлісті. 

«Мен Таиландта демалып жатқанда, тікелей сол жерден Алматыға Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып алдым. Мұндай мүмкіндікті жіберуге болмайды деп шештім», — дейді Кристина.

«Біз әпкем екеуміз билеттерді көктемде-ақ VPN арқылы алдық. Бұған дейін Сингапур мен Гонконгта әлемдік жұлдыздардың концерттерінде болдық және Алматыда да сондай жарқын болады деп үміттенеміз. Ұйымдастыру да жоғары деңгейде болса дейміз», — деп толықтырды Анастасия.

«Мен бұл қалаға алғаш рет келіп отырмын және шын мәнінде, тек концертке келгенмін. Бірақ тағы келгім келетінін түсініп отырмын. Мұнда табиғаттан бастап, сәулет, адамдар мен тағамға дейін бәрі ғажап», — дейді тағы бір көрермен.

Бүгінгі кеш олар үшін әлемдік супержұлдызбен кездесу ғана емес, сонымен қатар Алматыны жаңа қырынан ашуға мүмкіндік болмақ. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.