AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Джей Ло концертіне байланысты «Қайрат» футбол клуб...

Джей Ло концертіне байланысты «Қайрат» футбол клубы мәлімдеме жасады

Әлеумет 22.05.2025, 16:38 679 dulatbekova
Джей Ло концертіне байланысты «Қайрат» футбол клубы мәлімдеме жасады
Сурет: Astanatv.kz

Орталық стадион Джей Ло концерті үшін бос болмауы мүмкін.

Бұл туралы алматылық «Қайрат» футбол клубы мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кеше продюсер Мәлік Хасенов Дженнифер Лопес 10 тамыз күні Алматының Орталық стадионында жеке концертін өткізетінін айтты.

Бұл ақпаратқа байланысты «Қайрат» футбол клубы мәлімдеме жасады.

Клуб мәліметінше, республикалық жарыс күнтізбесіне енген «Қайрат» пен «Жеңіс» ресми матчы 9 немесе 10 тамызда Орталық стадионда өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар 7 және 12 тамызда команда еурокубокқа қатысады. Осыған байланысты стадион УЕФА талаптарына сәйкес міндетті түрде дайындалады және бұл күндері басқа шараларды өткізуге болмайды.

— 2025 жылғы 16 мамырда «Қайрат» ФК Алматы қаласының Спорттық нысандар дирекциясынан Орталық стадионды мәдени шараға алдын ала брондау туралы ресми хабарлама алды. Жауап ретінде ресми хатта клуб ҚР Чемпионаты Премьер-лигасының бекітілген спорттық күнтізбесіне, сондай-ақ «Қайрат» футбол клубының еурокубок аясындағы халықаралық міндеттемелеріне байланысты көрсетілген мерзімде стадионды пайдалануға болмайтынын хабарлады, — делінген клуб мәлімдемесінде.

Сонымен «Қайрат» футбол клубы мәдени бастамаларды құрметтейтінін әрі диалогқа ашық екенін хабарлады.

— Біз Орталық стадионды пайдалану кестесін әзірлеуде барлық мүдделі тараптың одан әрі сындарлы өзара әрекетін күтеміз, — дейді «Қайрат» ФК.

Еске сала кетейік, бұған дейін шетелдік жұлдыздың Алматыға келетінін хабарлаған болатынбыз. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Джей Ло #Концерт #«Қайрат» футбол клубы #мәлімдеме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);