ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Дизельдің шекті бағасын Энергетика министрлігі рет...

Дизельдің шекті бағасын Энергетика министрлігі реттейтін болады

Әлеумет 17.01.2023, 08:39 1,372
Дизельдің шекті бағасын Энергетика министрлігі реттейтін болады
almaty-akshamy.kz
Енді Энергетика министрлігіне стационарлық жанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге арналған дизель отынының шекті бағасын реттеу құзыреті берілмек. Бұл туралы аталған...

Енді Энергетика министрлігіне стационарлық жанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге арналған дизель отынының шекті бағасын реттеу құзыреті берілмек. Бұл туралы аталған ведомство ашық талқыға шығарған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап



«Энергетика министрлігі бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек, көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді. Сонымен қатар әлеуметтік маңызды мәні бар және Қазақстан Республикасының экономикасына елеулі ықпал ететін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу тәртібін әзірлейді және бекітеді», - делінген қаулы жобасында.



Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде көрсетілгендей, министрлікке мұндай қосымша құзырет беру дизель отынының тапшылығын тежеуге мүмкіндік бермек.



«Күтілетін нәтиже - бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме және бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу жолымен дизель отынының тапшылығын тежеу. Қаулы жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді», - деп көрсетілген түсіндірмеде.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,444 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.