Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Дипломды "5"-ке қорғау үшін белгіленген пара мөлше...

Дипломды "5"-ке қорғау үшін белгіленген пара мөлшері қандай?

Әлеумет 01.04.2022, 08:15 1,437
Дипломды "5"-ке қорғау үшін белгіленген пара мөлшері қандай?
Сурет: Elorda.info

«Taza sessiya» акциясы аясында еліміздің жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық тексерілді


Акцияны Amanat партиясының Жастар қанаты өткізді. 64 жоғары оқу орнынан 20 мыңға жуық студент анонимді сауалнамаға қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Акцияны өткізудің басты шарты – адалдық пен анонимдік. Сондықтан мен барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамын. Тек бірігу арқылы ғана біз университеттердегі сыбайлас жемқорлықты жойып, отандық білім беру деңгейін арттыруға үлес қоса аламыз», - деді Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев акция басталған күні.



Белсенділер жоғары оқу орындарының саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін, бірақ бәрі бірдей «Taza sessiya»-ға қатысуға келісімдерін бермегендері туралы айтты.



«Өңірлерде университеттер мен колледждер сыбайлас жемқорлыққа толы. Бұл - студенттер мен оқытушылар үшін әдеттегі тәжірибе. «Сабақта отырғыңыз келмей ме? Шоколад алып бер де, кете бер!». Ең өкініштісі, студенттерге бұл жағдай ұнайды», - деді акцияға қатысушылардың бірі.



Сауалнама жүргізуге тәуелсіз бақылаушылар, соның ішінде халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік, блогер Алмас Сағынұлы және экстремалды спортшы Сәкен Кагаров, басқа да қоғам қайраткерлері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің өкілдері тартылды.


Amanat партиясының Жастар қанаты акцияның қорытындысын сәуір айының соңында жариялау жоспарланып отыр.


Естеріңізге сала кетейік, «Taza sessiya» акциясы 8 жылдан бері өткізіліп келеді. Мәселен, 2020 жылдың нәтижелері бойынша сұралғандардың 12,5%-ы өздерінің ЖОО-да сыбайлас жемқорлық фактілері бар екенін, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 0,3%-ға аз екенін мәлімдеді.


2020 жылы сауалнамаға 20 710 адам қатысты, оның ішінде 63,3% 2 курс және одан жоғары студенттер (46,5% – әйелдер, 53,4% – ерлер). Көбінесе студенттер сыбайлас жемқорлықпен емтихан тапсыру кезінде тап болған, бұл туралы акцияға қатысушылардың 23,8%-ы мәлімдеді. Сонымен қатар, сол жылғы рейтингтің антилидері «Астана» медицина университеті болды. Қорытынды бойынша, параның орташа мөлшері анықталған. Мәселен, 400 мың теңгеге студенттерге ақылы оқу түрінен бюджеттік оқу түріне ауысуды, 260 мың теңгеге әскери кафедраға түсуді, 150 мың теңгеге дипломдық жұмысты «өте жақсы» етіп қорғауды, ал сессияны 22 мың теңгеге «автоматпен» тапсыруды ұсынған. Өткен жылы акция университеттердің қашықтықтан оқытуға көшуіне байланысты өткізілген жоқ.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жоо #пара #таза сессия #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.