Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Диплом сатылымына қарсы қандай шара жасалды?

Диплом сатылымына қарсы қандай шара жасалды?

Әлеумет 25.06.2024, 10:23 654
Диплом сатылымына қарсы қандай шара жасалды?
Сурет: интернеттен

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жалған дипломдардың сатылуымен күресте қандай шаралар қабылданып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«2021 жылдан бастап «Білім туралы» Заңының 39-бабына сәйкес, Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, денсаулық сақтау саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген, сондай-ақ тіркелген жоғары оқу орындары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды береді. Министрлік жоғары оқу орындарының түлектеріне берілетін өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды, білім туралы құжаттардың сериясын бекітті. Өзіндік үлгідегі құжаттардың нөмірлері мен QR кодтарын генерациялау «Білім туралы құжаттардың нөмірлерін генерациялау» арнайы сервисі арқылы жүзеге асырылады», - делінген аталған ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Генерация «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінде (ЖББП) студенттер туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Арнайы сервис жоғары оқу орындарының өкілдеріне университет жүйесін ЖББП АЖ-мен интеграциялау арқылы студент жайында толық мәлімет (мамандық, үлгерім, оқу бағдарламасы бойынша академиялық кредиттердің жеткілікті санын игеру, оқуға түсуге/ауысуға бұйрықтың, курстан курсқа ауысу туралы бұйрықтардың болуы) болған жағдайда ғана білім туралы құжаттардың сериялары мен нөмірлерін жасауға мүмкіндік береді.

«Жоғары білім берудің бірыңғай платформасында студент деректері болмаған жағдайда, диплом нөмірін генерациялау мүмкін емес. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығына сәйкес, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ішкі істер министрлігі білім туралы жалған дипломдарды дайындау және өткізу фактілерін анықтау әрі жолын кесу бойынша тұрақты негізде жұмыс атқарып жатыр. Бұл шаралар жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың заңсыз айналымын болдырмауға ықпал етеді», - деп аталып өткен комитет ақпаратында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#диплом #заңсыз #жалған
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.