AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Діни сөздер мен терминдердің орфографиялық сөздіг...

«Діни сөздер мен терминдердің орфографиялық сөздігі» шықты

Білім және ғылым 23.02.2022, 15:12 2,697
«Діни сөздер мен терминдердің орфографиялық сөздігі» шықты
Сурет: ҚМДБ

Бұл қазақ тіліндегі діни сөздердің алғашқы орфографиялық сөздігі деп айтуға болады.


Сөздіктің құрастырушысы және редакторы – филология ғылымдарының кандидаты Рашид Мұхитдинов, жауапты редакторы – фиолология ғылымдарының докторы, профессор Құралай Күдеринова, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің ХХХІІІ мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Қазақ тіліндегі діни сөздер мен терминдердің орфографиялық сөздігі» кітабының таныстырылымы өтті.


Жинақтың таныстырылымына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Ғұламалар кеңесі мүшелері қатысты.




«Тәуелсіздіктен кейін шыққан діни әдебиеттерде, аудармаларда, ғылыми еңбектерде, әлеуметтік желілерде, тіпті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мақұлдауымен жарыққа шыққан еңбектер мен ҚМДБ-ға қарасты сайттарда да діни сөздердің, терминдердің жазылуында бірізділіктің жоқ екендігі байқалып тұрады. Әсіресе, діни еңбектерді аударма жасағанда араб, түрік, парсы, орыс тілдерінің ықпалы көрініс беріп жатады. Осыны ескеріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақ тілінің ережелеріне сай дін саласындағы сөздер мен терминдердің жазылуын бір ізге түсіру үшін діни сөздер мен терминдерінің орфографиялық сөздігін құрастыруды қолға алды. Бұл қазақ тіліндегі діни сөздердің алғашқы орфографиялық сөздігі деп айтуға болады», – деді Бас мүфти.



Сөздікте қазақ мәтіндеріндегі діни сөздер мен сөз тіркестерінің және діни терминдердің дұрыс жазылу емлесі көрсетілген. Сөздіктің негізгі мақсаты – ислами дискурстағы және жалпы әдеби тіл мәтіндеріндегі діни сөздердің дұрыс жазылу нормасын көрсету. Діни сөздердегі араб тіліне тән кей әріптердің жазылуына қатысты ескертулер жеке ереже ретінде берілді. Сондай-ақ сөздікті құрастыруда қазақ тіліндегі 500-ден астам діни және әдеби еңбектер, оқу құралдары, монографиялар, ғылыми мақалалар, БАҚ материалдары, діни ресми сайттар пайдаланылды.



«Қазақ тіліндегі діни сөздер мен терминдердің орфографиялық сөздігі» жинағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау коммиссиясының мақұлдауынан өткен. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ғалымдар кеңесінің №16 хаттамасымен баспаға ұсынылған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дін #сөздік #термин #ҚМДБ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);