ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Димаштың Польшадағы жанкүйерлері Наурыз мейрамына...

Димаштың Польшадағы жанкүйерлері Наурыз мейрамына орай Қазақстан туралы үстел ойынын ұйымдастырды

Мәдениет 29.03.2025, 12:42 1,057
Димаштың Польшадағы жанкүйерлері Наурыз мейрамына орай Қазақстан туралы үстел ойынын ұйымдастырды
Сурет: Dimashnews.com
Димаш Құдайбергеннің польшалық фан-клубы Наурыз мейрамын бірқатар мерекелік іс-шаралармен атап өтті. Ол іс-шаралардың бірі және бірегейі «Димашпен бірге Қазақстанды аралайық» атты үстел ойынының...

Димаш Құдайбергеннің польшалық фан-клубы Наурыз мейрамын бірқатар мерекелік іс-шаралармен атап өтті. Ол іс-шаралардың бірі және бірегейі «Димашпен бірге Қазақстанды аралайық» атты үстел ойынының тұсаукесері болды.

Бұл стратегиялық ойын қатысушыларды Димаш Құдайбергеннің туған жеріне саяхат жасауға шақырады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Dimashnews.com сайтының мәліметінше, ойыншылар Қазақстанның керемет жерлеріне барып, қазақ елі мен мәдениеті туралы қызықты деректермен танысады. Іс-шараның басты сыйлығы – Астанадағы гипотетикалық концерт және Димашпен кездесу болады. Ойын поляк және ағылшын тілдерінде қол жетімді және жақын арада қазақ және испан тілдерінде де жарық көреді. Ойынның авторлары: Магдалена Холда, Сильвия Шайтер-Зиулек, Катажина Стшелиньска.

Тұсаукесер әншінің жанкүйерлері өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, нағыз қазақ дастарханын жайған Варшава мультимәдени орталығында өтті. Дастарханға бауырсақ, ірімшік, жент және құрт сияқты дәстүрлі тағамдар қойылды. Барлық тәттілерді жанкүйерлер өздерінің жеке рецепті бойынша дайындады.

Шараға Қазақстан өкілдері Нұрәлі Омарқұл мен Нұрхан Әбішев қатысып, Наурыз мейрамының тарихымен, оның символдары – «Наурыз көже» тағамы, ұлттық күрес пен ат бәйгелері туралы ақпаратпен бөлісті. Кездесу соңында олар қазақтың әдет-ғұрпы бойынша шашу шашып, қонақтарға сәттілік серік болсын және молшылық болсын деген ниетпен тәттілер таратты.

Мереке барысында Варшавадағы “Димаш радиосында” қазақ музыкасы мен мерекесінің мәдениетін талқылауға арналған арнайы хабар өтті. Поляк жанкүйерлері Димашпен кездесу сәттерін асыға күтіп, алдағы концерттеріне дайындық үстінде.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.