AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Димаш - Құрметті профессор

Димаш - Құрметті профессор

Мәдениет 18.12.2025, 11:45 894
Димаш - Құрметті профессор
Фото: Dimashnews

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өткен кездесуде ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов Димаш Құдайбергенге мәдениетті дамытуға, жастардың рухани тәрбиесіне қосқан үлесі және Қазақстанның халықаралық имиджін ілгерілетудегі еңбегі үшін ҚазҰМУ-дың Құрметті профессоры атағын табыстады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мотивациялық кездесуде Димаш Құдайберген өзінің өмірлік және шығармашылық жолы туралы ой бөлісті. Ол ұлттық мәдениетпен байланысын үзбей, туған тамырын сақтай отырып, әлемдік сахналарға қалай жеткенін баяндады. Өнер иесі адамның жеке болмысына қатысты құндылықтарға ерекше тоқталды:

«Мен адамды ең алдымен рухани байлығымен бағалаймын. Талант пен кәсіби қабілет одан кейінгі нәрсе. Егер ішкі негіз болмаса, қандай жетістікке жетсең де, оның салмағы сезілмейді», – деді Димаш.

ҚазҰМУ студенттеріне арнаған сөзінде Димаш Құдайберген медицина мамандығының күрделілігі мен жауапкершілігін атап өтті:

«Сіздер өте қиын әрі жауапты жолды таңдадыңыздар. Медицина – қателікті кешірмейтін сала. Бұл үздіксіз ізденісті, өз-өзіңе талап қоя білуді қажет етеді. Меніңше, нағыз жұлдыздар - дәрігерлер. Олар күн сайын адам өмірін сақтап қалады», – деді Димаш.

Сондай-ақ өнер иесі студенттерге алдағы емтихан сессиясын сәтті тапсыруға тілектестігін білдірді.

Кездесудің ең әсерлі сәттерінің бірі - Димаш Құдайбергеннің ҚазҰМУ студенттерінен құралған «Дала сазы» ұлттық аспаптар ансамблімен бірлесіп өнер көрсетуі болды. Ортақ орындауда «Адай» күйі шырқалып, сахна мен көрермен залын бір арнаға тоғыстырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш Құдайберген
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);