AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Димаш Құдайгерген «Ағайынды Карич қоры» беделді сы...

Димаш Құдайгерген «Ағайынды Карич қоры» беделді сыйлығын алды

Мәдениет 04.12.2023, 05:34 938
Димаш Құдайгерген «Ағайынды Карич қоры» беделді сыйлығын алды
Сурет: Dimashnews.com

3 желтоқсанда Сербияның Белград қаласында «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын табыстау рәсімі өтті.


Dimashnews.com-ның мәліметінше, 1979 жылы елдің ғылыми-технологиялық және шығармашылық әлеуетін қолдау және ілгерілету, жұртшылықты әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру институты ретінде құрылған қор 26-шы рет көрнекті шетелдік тұлғаларға сыйлықтар табыс етті.


«Ағайынды Карич қоры» сыйлығына бұрын әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және өнер қайраткерлері ие болған. Әр жылдары физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Ж. Алферов, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты П. Хандке, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев, кинорежиссер Э. Кустурица, теннисші Н. Джокович, актер С. Сигал, ТҮРКСОЙДЫҢ бұрынғы Бас хатшысы Д. Касеинов марапатқа ие болған.


Биылғы жылы сыйлыққа ұсынылған ерекше тұлғалар арасында Қазақстанның дарынды әртісі Димаш Құдайберген де марапатқа ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




Қордың Директорлар кеңесінің пікірінше, Димаштың айрықша вокалдық деректері, оның классикалық және заманауи стильде орындаудың әртүрлі нысандарын біріктірудің керемет қабілеті, көп жылдық жұмыс пен оқудың нәтижесі ретінде кез келген нотаны орындаудың бірегей мүмкіндіктері әртісті Қазақстан мәдениетінің жарқын өкілі, өз ісінің табысты маманы ретінде атап өтуге мүмкіндік береді.



«Біздің Директорлар кеңесі осындай маңызды әртіс сыйлықтың ізашарларының, осы жолдағы таланттардың алтын сериясының жалғасы болуға лайық екендігімен бірауыздан келіседі, бұл біздің достас елдеріміз арасындағы қарым – қатынасты нығайтады», – деп атап өтті Сербиядағы Қазақстан Республикасының құрметті консулы, ағайынды Карич қорының негізін қалаушы Миланка Карич.



Сербияның орталық мәдени шарасы Серб мәдениеті мен дәстүрін айқындайтын мәдени мұра нысаны – Белградтағы Ұлттық театрда өтті.


Ұлттық театрдың керемет сахнасында Димаш әр түрлі композициялар ұсынды: қазақтың халық әні «Самалтау» және Игорь Крутойдың «Mademoiselle Hyde» шығармасы, осылайша өз шығармашылығының әр түрлі қырларын көрсетті.


Димаш ағайынды Карич қорының құрылтайшылары мен Директорлар кеңесіне иарапатқа лайық деп танығаны үшін алғысын білдірді, халықаралық жобалардың, соның ішінде өнер саласындағы елдер арасындағы достық пен өзара дамуды қолдау мүмкіндіктері ретіндегі маңызды рөлін атап өтті.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш #Марапат #халықаралық сыйлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);