AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Димаш Құдайберген ата-аналарға маңызды үндеу жолда...

Димаш Құдайберген ата-аналарға маңызды үндеу жолдады

Әлеумет 30.07.2024, 18:45 270 dulatbekova
Димаш Құдайберген ата-аналарға маңызды үндеу жолдады
Сурет: Astanatv.kz

Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) елшісі, белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәлімдеме жасады.

30 шілдеде атап өтілетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні қарсаңында әнші цифрлық дәуірде қылмыскерлер әлеуметтік желілер арқылы балалармен байланыс орната алатынын атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

"Мен ата-аналарға, тәрбиешілерге, қамқоршыларға, балаларға жауапты барлық ересектерге жүгінгім келеді. Бала саудасы туралы естігенде, біз қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды немесе көшеде тұратын көше балаларын елестетеміз. Алайда, бүгінгі таңда балалар саудасы басқа да жолдармен дамып келеді. Соның бірі - интернет. Қазіргі уақытта адамдар интернетте көбірек уақыт өткізеді. Осы себептен де қылмыскерлер балаларды әлеуметтік желілер немесе ойын платформалары арқылы тартуға тырысады", – деді Димаш Құдайберген.

Сондай-ақ, ол бұл әрекеттерді тоқтатудың бірден-бір жолын айтты.

"Балаларыңызға цифрлық әлемде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау қаупі туралы ескертіңіз. Балаларыңызбен суретке түсіруден, бейне түсіруден және бейтаныс адамдармен бөлісуден аулақ болу қаншалықты маңызды екенін талқылаңыз. Адам саудагерлері оларды жәбірленушілерді қорқытып, бақылауда ұстау үшін қолдана алады. Ең бастысы, балаларыңызбен сенім орнатыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз", - деп қорытындылады ізгі ниет елшісі.

Бұған дейін ол екі күнде Астанадағы концертіне сатылып кеткен билеттер үшін жанкүйерлеріне алғысын білдірген болатын.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Димаш Құдайберген #Үндеу #ата-аналарға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);